Аудан әкімінің Жаскешу ауылдық округі тұрғындармен кездесу барысында айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Ескерту / оры

ндау

3 тоқсан

1.     

Рысқұл ауылындағы Тұрар атындағы мектебінің спорт зал ғимаратынан су шығу мәселесі

        «Тұрар» жалпы орта мектебінің спорт зал ғимаратының шатыры жөнделіп, спорт зал ғимаратына су ағу мәселесі толығымен шешілді.

20.11.2022 жыл

Адами әлеуетті дамыту бөлімі

 

Жаскешу ауылдық округ әкімдігі

 

 

2.     

Жаскешу ауылындағы Бесата көшесіне асфальт салу жұмыстарын аяқтау

        Жаскешу ауыл округіндегі Бесата көшесінің жалпы ұзындығы  940  метрді  құрайды.   2022 жылы аудан аудандық бюджеттен Бесата көшесін орташа жөндеуге қажетті қаржы қаралған. Қазіргі таңда бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес (ГПС ) құмды шағал тас қоспасын төсеу, құбыр орнату жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 695 метріне  асфальт жабындысы төселді. Ауа райының күрт өзгеру салдарынан  қалған 245 метріне асфальт жабындысын төсеуге ағымдағы жылдың қараша айының соңына ауа райының қолайлы уақытысында асфальт  төсеу жоспарланып отыр. Жалпы нысан 2023 жылға өтпелі.

2023 жыл

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Жаскешу ауылдық округ әкімдігі

 

3.     

Жаскешу ауылында өткен жылдары асфальттанған көшелерді жөндеу, күтіп-ұстау жұмыстары туралы

          Жаскешу ауылындағы асфальттанған ішкі көшелер ауыл әкімдігінің теңгерімінде болғандықтан көшелерінің бұзылған жерлерін және т.б жұмыстарын күтіп ұстау үшін ауыл әкімдігі тарапынан сметалық құжаттар әзірленеді. 2023 жылға қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім беріледі. Қаржысы қаралған жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2023 жыл

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Жаскешу ауылдық округ әкімдігі

 

4.     

Жаскешу ауылындағы С.Сейфуллин атындағы мектебінің алдына жаяу жүргіншілерге арналған жол кедергісін орнату және жол қауіпсіздігін сақтау мәселесі

        Жаскешу ауылындағы С.Сейфуллин атындағы мектеп республикалық маңызы бар автомобиль жолы бойында орналасқандықтан «КазАвтоЖол» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан жылдың соңына дейін орнату жоспарлануда.

 

31.12.2022 жыл

Адами әлеуетті дамыту бөлімі

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Жаскешу ауылдық округ әкімдігі

 

Дата публикации
18 ноября 2022