2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мәселелері бойынша өткізілген оқыту-семинар кеңестің хаттамасы
Т.Рысқұлов ауылы 17 қазан 2022 жыл
Қатысқандар:
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары – Әлішев Әмірдин Мухиденұлы, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының заңгері – Оразымбетов Данияр Шекербекұлы, аудан әкімінің аппарат басшысы – Орманов Ербол Керімбекұлы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы – Қаратаев Ерден Абдінұрұлы, 60 учаскелік сайлау комиссияларының 120 төрағалары мен хатшылары.
Күн тәртібінде:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Қаратаев семинарды ашып, алдымен облыстан келген қонақтарды қатысушыларға таныстырып, әрі қарай жүргізіп отырды. Бүгінгі семинарға облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә. Әлішев пен осы комиссия заңгері Д. Оразымбетов келіп отыр.
Е.Қаратаев: Алғашқы сөз кезегін Ә. Әлішевке берсем. Сұрақтарыңыз болса соңынан бере жатарсыздар.
Ә.Әлішев «Қазақстан Рсепубликасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасы Перзидентінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде туындайтын сұрақтар мен оның дұрыс жауабы жайлы жиынға қатысушылармен сұрақ жауап арқылы әдістемелік көмек берді. Жиын барысында қорытынды тестілеу сұрақтары толығымен талқыланды.
Сайлау науқаны барысында, сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері нені басшылыққа алу керектігі, сайлаушылармен, БАҚ өкілдерімен, байқаушы, блогерлермен қалай жұмыс жасау керек екендігі жөнінде облыстық сайлау комиссиясының мүшесі, заңгер Д.Ш Оразымбетов жан жақты түсіндірді. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жайлы нақты мәселелерді ортаға салды.
Жиын сұрақ жауап тәсілінде өтіп, сұрақ жауапқа учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Жекелеген төрағалар мен хатшылар белсенділік танытып заңдарды біршама толық меңгергендіктерін байқатты.
Негізінен көтерілген мәселелер:
Мұнан соң аудан әкімінің аппарат басшысы Е.Орманов сөз алып сайлаушылар тізімі жөнінде біраз анықтама берді. Сайлау барысында учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың тізімімен жұмыс істеу қажет. Сайлаушылар тізімін сайлау басталғанға дейін 20 күн қалғанда әкімдік таратып береді. Тізім алғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясы тізімді тексереді. Ал, 15 күн қалғанда сайлаушыларды тізіммен таныстыру міндетті. Егер тізімде жоқ, бірақ сол елді мекенде тіркелген азаматтар анықталса тізімге қосуы тиіс. Сондай-ақ, сайлау күні сайлау учаскесінде туындайтын кейбір проблемалар төңірегінде де әңгіме қозғап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жиынды аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Қаратаев, қорытындылап, келген қонақтардың бүгінгі жұмысына, көрсеткен көмектеріне көпшілік атынан алғыс айтты.
Түлкібас аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Қаратаев
Түлкібас аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Е.Есенбаев