Жетінші шақырылымдағы
аудандық мәслихатының
кезектен тыс ХХІV-сессиясын
шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-бабына сәйкес жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІV-сессиясы 2022 жылғы 21 қазанында сағат 1030-да Т.Рысқұлов ауылында шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сейсенбаев
Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІV-сессиясы 2022 жылдың 21 қазанында сағат 1030-да Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын. Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, (3 қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0930-дан бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2022 жылдың 21 қазанында сағат 1000-де өтеді.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
«Түлкібас ауданы бойынша аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы С.Сейсенбаев