Түлкібас ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағы, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағмдаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Түлкібас аудандық маслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсандағы қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
  2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Түлкібас аудандық

маслихатының хатшысы                                       С.Сейсенбаев

Дата публикации
23 августа 2022