Ішкі конкурс
«Б» корпусының бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
Е-3 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санат |
Блок |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
||
|
Е-3 |
А |
263131 |
302255 |
Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы (Е-3 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы өз жұмысында Қазақстан Республикасы заңдылықтарын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы қызметтік нұсқаулықты орындайды; Өзі жетекшлік ететін ауылдық округ, кенттер және дербес бөлімдер бойынша, қызметтік тексеру жүргізеді. Келіп түскен арыз-шағымдардың, ұсыныстардың, хаттардың орындалуына жауап береді; Ауылдық округ, кент әкімдерінен, бөлім басшыларынан қажетті анықтамалар, мәліметтер ақпараттар және басқа құжаттар талап етеді; хаттар бойынша мәлімет жинақтап жұмыс атқарады; Аудандағы марапатталатын азаматтардың құжаттарын, тізімін дайындап, облыстық әкімі аппаратына өткізеді. «Алтын алқа», «Күміс алқа» және басқа да марапаттаулар бойынша қажетті құжаттардың жүргізілуін бақылайды. Ауданның құрметті азамат атағын беру бойынша құжаттарын жинақтап, дайындайды. Өзі жетекшілік ететін округтерде аудан әкімінің халықпен кездесуінде берілген тапсырмаларының орындалуына және жұмыс жоспарының орындалуына талдау жасайды; Республикалық референдум және Қазақстан Республикасы Парламенті, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің сайлауына қатысты тиісті жұмыстар атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), өнер, ауылшаруашылық ғылымдары мамандықтары бойынша.
Республикалық комиссиямен бекітілген басым мамандықтары бойынша шет елдердегі жоғары оқу орындары немесе «Назарбаев Қоры» және «Назарбаев Интелектуалды мектептері», «Назарбаев Университетінің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес автономды білім мекемелерінде осы лауазымның функционалдық міндеттеріне тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнде көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 ғимараттың 2-ші қабатында өтеді.
Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: https:/gov.egov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru
|
|
Қазақстан Республикасы
|
Мемлекеттік қызметшінің қызметтiк тiзiмі Послужной список государственного служащего
|
Т.А.Ж. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при наличии) ________________________________________________ |
фото |
|||
|
Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория __________________________________________________________________ |
||||
|
ЖСН / ИИН 1 _______________________ |
||||
|
Туған кезі / Дата рождения |
|
|||
|
Туған жері / Место рождения |
|
|||
|
Ұлты / Национальность |
|
Білімі / Образование |
|
|
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
|||
|
Мамандығы / Специальность |
|
|||
|
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание |
|
|
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары / Государственные награды, почетные звания и юбилейные медали |
|
|||
|
Арнайы тексеру нәтижелері/ |
|
Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл) / Воинское, специальное звания, классный чин, квалификационный класс, дипломатический ранг (год) |
|
|
|
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарных взысканий за совершение дисциплинарных проступков, дискредитирующих государственную службу |
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении административных взысканий за совершение коррупционных правонарушений |
|
|
|
Жалпы еңбек өтілі / Общий трудовой стаж |
|
Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні / Дата принесения присяги государственным служащим |
|
|
|
Мемлекеттік қызмет өтілі / Стаж государственной службы |
|
Отбасылық жағдайы / Семейное положение |
|
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||||
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации |
|||
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|||
|
|
|
|
||
|
|
|
|
||
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы / Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы): _______________________________________________________________ тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) Қолы / Подпись __________________ _______ жыл / год "__" _____________ айы / месяц
Ескертпе:
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.