«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 7 – бабының 5- тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңның 27 бабына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШТІ :
№60/3-06 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №5852 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы С.Сейсенбаев
«Түлкібас аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№60/3-06 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Түлкібас аудандық мәслихатының 29.09.2020 жылғы №60/3-06 «Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 503 – бабына, 509 - бабының 5 - тармағына сәйкес қабылданған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №5852 болып тіркелген).
2020 жылы 10 желтоқсанында №382-VI Қазақстан Республикасының Заңымен 509-бабының 5-тармағына өзгерістер енгізілген. Жаңа редакциялда жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру жергілікті өкілді органдардың құзыретінен алынып тасталынған.
Осыған байланысты Түлкібас аудандық мәслихатының 29.09.2020 жылғы №60/3-06 «Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» шешімі жойылды деп тануға жатады.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы С.Сейсенбаев