|
қ/с |
Cала |
Сын – ескертпелер
|
|
1 |
Әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері |
2022 жылдың 2 айының қорытындысымен негізгі көрсеткіштер 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда төмендеген. Тұрғын үйлердің іске қосылуы 1 848 ш.м құрап төмендеген. (2021 жылдың тиісті кезеңімен 2 137 ш.м). |
|
Бюджет, коммуналдық меншік және экономика |
||
|
1.1 |
Бюджет (дотациялық аудан) |
2022 жылы аудан бюджеті 17 648,3 млн теңге. Оның ішінде өзіндік кірістері 3025,3 млн.теңге (4309,8 млн. теңге контингент) немесе кірістің үлесі 24,4% ғана құрайды. |
|
1.2 |
Кірістер |
2022 жылдың 1 сәуіріне аудан бюджетінің жергілікті кіріс бөлігінің жоспары 709,5 млн. теңге болса, орындалуы 836,8 млн теңге, жоспардан тыстүскені 127,3 млн теңге немесе 117,9 пайыз. Кіріс көздерінің 17 түрінен 2 түрі орындалмады: 104-101 (Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық) 92,3 пайызға немесе 18,4 млн теңгеге, алдын-ала 60,0 млн теңгені (аванс) «Азия Газқұбыры» ЖШС-на қайтарылғандықтан орындалмады. 103-101(Әлеуметтік салық) жоспары 99,7 пайызға немесе 0,6 млн. теңгеге, білім бөліміннен еңбекке жарамсыз парағына төлеген есебінен орындалмады. |
|
1.3 |
Шығыстар |
Жоспардағы 3 829,5 млн.теңгенің 3 779,9 млн.теңгесі игеріліп, жоспар 98,7%-ға орындалған. Игерілмеген қаржы көлемі 49,6 млн. теңгені құрап, объективті себептермен игерілмеген. |
|
1.4. |
Коммуналдық меншік бойынша |
Бүгінгі таңға аудан бойынша 2016-2020 жылдар аралығында іске қосылған 12 нысан Әділет органдарында тіркелмеген, оның ішінде: («Тұраркент – су» МКК – 6, Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 4, Кемербастау ауылдық оқругі әкімінің аппараты” КММ- 2). 2021 жылы ауданда 1 МКК және 1 МКҚК, қызмет атқарды. 2021 жылдың қорытындысымен шығынмен шыққан кәсіпорындар жоқ. 1. «Тұраркент-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2021 жылдың қорытындысы бойынша: ақылы қызмет көрсетуден 109129,0 мың.теңгеге қызмет көрсетілген, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 47898,0 мың.теңгеге кеміген немесе 70% (2020 жылдың қорытындысымен 157027,0 мың теңге); мемлекет есебінен қаржыландыру болмаған; дебиторлық қарыздары 14668,0 мың.теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 9311,0 мың теңгеге көбейген немесе 2,7 есе артқан (2020 жылдың қорытындысымен 5357,0 мың теңге); кредиторлық қарыздары 13027,0 мың теңге, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 6814,0 мың теңгеге көбейген немесе 2,1 есе артқан (2020 жылдың қорытындысымен 6213,0 мың теңге); таза пайдасы 20,0 мың теңге, өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 40,0 мың.теңгеге кеміген немесе 34% (2020 жылдың қорытындысымен 60,0 мың теңге); кәсіпорында 73,0 штаттық бірлік бар(2020 жылдың қорытындысымен 72 штаттық бірлік болған). 2. «Шамшырақ» Түлкібас қоғамдық-саяси газеті» ЖШС-ы Түлкібас ауданы әкімдігінің 30.04.2021 ж. № 101 Қаулысына сәйкес тендер өткізіліп 30.06.2021 ж. №27623 Келісім шарты негізінде кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 2022 жылдың 1 қаңтарына Түлкібас ауданында Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің "Аудандық мәдениет үйі" МКҚК қызмет атқарды, оның дебиторлық және кредиторлық қарыздары жоқ. |
|
1.5. |
Даму бағдарламасы |
Түлкібас ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының декомпозициясы 2022 жыл 2 айының қорытындысы бойынша негізгі индикаторларға мониторинг жүргізіліп, 64 нысаналы индикатор көрсеткіштер жоспары 60,9% орындалып, оның ішінде 25 нысаналы индикатор көрсеткіштері орындалмады. |
|
1.6. |
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы |
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы 2022 жылы Балықты, Жаскешу және Шақпақ елді мекендеріндегі 23 көшені 31,38 шқ көшелерді орта жөндеу жұмыстарына Ұлттық қордан 419,05 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда аталған көшелерге толық ашық конкурс жарияланып мердігерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. |
|
1.7. |
Мемлекеттік сатып алу |
Түлкібас ауданында 43 – лот бойынша 665 147,2 мың теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алулар өткізілуде. Оның ішінде: - тауарлар бойынша 1 - лот 536,2 мың теңгеге, 1 лот бойынша келісім шарт жасалып 536,2 мың теңгеге сатып алу процедуралары аяқталды; - қызметтер бойынша 2 - лот 8 556,5 мың теңгеге, сатып алу конкурстары аяқталып, келісім шарттар түзілуде. - жұмыстар бойынша 41 - лот 656 054,9 мың теңгеге, оның ішінде 41 лот бойынша мемлекеттік сатып алу процедуралары өткізілуде. |
|
2. Өнеркәсіп, кәсіпкерлік және бағалар |
||
|
2.1. |
Өнеркәсіп |
2022 жылдың 2 айында өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексін (НКИ) – 104,0 %-ға, өңдеу өнеркәсібі өнімінің НКИ – 103,5 %-ға, өнім көлемін – 6934,5 млн. теңгеге жеткізу жоспарланған. Қаңтар-ақпан айларындағы статистикалық мәліметке сәйкес өнеркәсіп саласында – 2 192,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ – 101,1 % құрап облыстаға аудандар арасында 10 орынды иеленді Өңдеу өнеркәсібі саласында 997,7 млн.тг. өнімі өндіріліп, НКИ – Тамақ өнімдерін өндіру саласында 328,3 млн. тг. өнімі өндіріліп, НКИ – 78,9 %-ға орындалған. |
|
2.2. |
Индустриялық аймақ |
Индустриялық аймағының құрылысы 2014 жылы басталып 2015 жылы аяқталған. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік пайдалану актісі алынған алайда бірде-бір жоба тартылмаған. Анықтама үшін: Түлкібас ауданында индустриалды аймаққа қарастырылған жер көлемі 50,0 га құраса, оның ішінде; 20 га жер телімі резервке қойылған. «Мемсараптама» РМК ОҚО бойынша филиалының 2014 жылғы 14 шілде №19-0436/14 қорытындысына сәйкес, инфрақұрылымның (электр желісі, жол, су) сыртқы жүйесі 552,8 млн теңгені құрады. |
|
2.3. |
Өнеркәсіпті цифрландыру |
2019-2022 жылдар кезеңіне арналған Жол картасына сәйкес, ауданда бүгінгі күнге бірде-бір жоба енгізілмеген және жоспарланбаған. Бұл бағыт бойынша жұмыстар жүргізілмеуде. |
|
2.4. |
Бизнестің жол картасы 2025 бағдарламасы |
Кәсіпкерлерді кепілсіз несиемен қамтамасыз ету. Пайыздық ставканы субсибиялау бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде.
|
|
2.5. |
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы |
Облыс әкімінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 01-570-Қ/Х тапсырмасына сәйкес аудан және қала әкімдіктеріне «Бағдарламаға 40 жоба қатыстыру» (2020-2021 жылдарға) тапсырылған, орындалғаны 39 жоба (2020ж және 2021 жылдың 1 тоқсанына жоспар – 25). |
|
2.6. |
«Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингі (2019-2020ж) |
Республикадағы барлық 200 аудан және қалалар арасында «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингі бойынша аудан 83 орынды, Түркістан облысының 16 өңірі арасында 6 орынды иеленген. |
|
2.7. |
Азық-түлік тауарларының бағасы |
19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінен 2 азық-түлік түрі бөлшек сауда бағасына сараптама жұмыстары жүргізілуде.
|
|
3. Ауыл шаруашылығы және жер мәселелері |
||
|
3.1. |
Ауыл шаруашылығы |
Негізгі капиталға (жоспар 3700,0 млн.тг), Жұмыстар жүргізілуде. Жоспар жыл қорытындысымен орындалады. Тамақ өнеркәсібіне 900 млн.тг инвестиция жоспары берілген. Жұмыстар жүргізілуде. Жоспар жыл қорытындысымен орындалады. Қайта өңдеу көлемі 3624,8млн тг, орындалғаны -100%). Бұқашықтарды өнеркәсіптік мал бордақылау алаңына өткізуге жоспары 4200 бас, Жұмыстар жүргізілуде. 57858 га жайылымдық жердің 100% цифрландыру тапсырмасының, бүгінгі күнге 57858 га немесе 100% ғана орындалған (ОБ жоспар 3030,2 мың га - орын. 2 201,9 мың га 72,7%). Ауданда 2021 жылы жұмыртқа өндіру 16 млн 927 мың дана), 2022 жылы 2 айдың қорытындысымен 2 млн 332 мың дана өндірілді. Немесе 109 %- ға артығымен орындалды. Егістік жерді игеру бойынша тапсырма 64486 га болса орындалғаны 64486га болып, 100 пайызға орындалған. Тамшылатып суғару технологисын ендіру бойынша жылдық тапсырма 100 га болса, орындалғаны -127 га, яғни 127% орындалды. |
|
3.2. |
Сыбаға бағдарламасы |
Тұқымдық түрлендіруге (сыбаға) 2022 жылы 5000 бас аналық ірі қара малды қатыстыру қажет болса, бүгінгі күнге 4787 басы немесе 95% түрлендіруге қатысты |
|
3.3. |
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
Аналық ІҚМ басын импорттау (аналық етті бағытта) жоспар 300 бас болса, қазіргі таңға жұмыстар жүргізілуде. Негізгі капиталға (жоспар 3700,0 млн.тг), Жұмыстар жүргізілуде. Жоспар жыл қорытындысымен орындалады. Тамақ өнеркәсібіне 900 млн.тг инвестиция жоспары берілген. Жұмыстар жүргізілуде. Жоспар жыл қорытындысымен орындалады.
|
|
4. ЖКХ саласы |
||
|
4.1. |
Табиғи газ |
Аудандағы 62 елді мекендегі 59 елді мекеннің халқы 99,8% орталықтандырылған табиғи газбен қамтамасыз етілген. «Иірсу ауылының газ құбыры желілерін салу» құрылысына 226,377 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, 2021 жылдан өтпелі нысан. Республикалық бюджеттен 2022 жылға 95 млн. 208 мың теңге қаралып, мердігер мекеме «Сервис Центр-2007» ЖШС жұмыстар жүргізілуде. |
|
4.2. |
Ауыз су |
Аудандағы 62 елді мекендегі 59 елді мекеннің халқы 99,8% орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 28 елді мекен тік ұңғыма көздерінен, 31 елді мекен бастау көзінен пайдалануда. Республикалық бюджеттен 3 елді мекеннің (Балықты, Шақпақ, Азаттық) ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарына 2022 жылға 443 млн. 201 мыңтеңге қаралып жұмыстар жүргізілуде. Аудандық бюджеттен Ынтымақ, Машат, Т.Рысқұлов, Жәрімбетов, Мыңбай, Көкжайлау, Шұқырбұлақ, Кершетас е/м мен Т.Рысқұлов ауылы Алатау көшесінің ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу және ұнғыма қазу жұмыстарына 134 млн. 948 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. |
|
4.3. |
Электр энергиясымен қамту |
Ауданда 62 елді мекен орталықтандырылған электр желісіне қосылған. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде 1110 шқ. электр желілері, 267 дана трансформатор бар, тозығы жеткені - 53 пайызды құрайды. 2021 жылға Жаскешу а/о, Рысқұл ауылы, Уалиханов, Болашақ көшелеріне, Жаскешу ауылы, Мылтықбаев көшесіне, Түлкібас кенті, Астана көшесіне, Майтөбе ауылы, Исабек, Уалиханов көшелеріне электр желісін тарту және трансформатор орнату құрылысы» жұмыс жобасы бойынша мердігер мекеме «Vek-Story-Com» ЖШС-і 99 202,768 мың теңгеге келісім шартқа тұрып, 92 млн. 256 мың теңгесі игеріліп, қалған жұмыстары 2022 жылға өтпелі. Аяқталу мерзімі келісім шарт талаптарына сәйкес 01.07.2022 жыл. |
|
4.4. |
Көп қабатты тұрғын үй қоры |
Облыс аумағындағы 1475 көпқабатты тұрғын үйлердің (бұдан әрі КҚТҮ) 83 үй ауданда орналасқан. 01.04.2022 жылға 2649 азамат коммуналдық тұрғын үй кезегінде тіркелген. Оның ішінде: 1) №1-1-ші тізім жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 93 адам; 2) №1-2-ші "Алты н алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 703 адам; 3) №2-ші тізім халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтар - 1173 адам; 4) №3-ші тізім мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi- 659 адам; 5) №4-ші тізім жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар - 21 адам. Өзекті мәселе: мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға үйге кезекке тұрған 2649 адамды тұрғын үймен қамту. |
|
4.5. |
Жолаушылар көлігі саласы |
Аудан бойынша: 15 ауыл оругіндегі 62 елді мекеннің 58 елді мекені, халық саны 100 адамнан асатын және жол жағдайы жақсы, тұрғындарын толық жолаушылар тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. 1. Аудан көлемінде жолаушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында талдау зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар бес бағыт («Т.Рысқұлов-Абай-Пістелі-Абай-Т.Рысқұлов», «Т.Рысқұлов (Күлімхан базары)-Қараағашты (Дауан)-Т.Рысқұлов (Күлімхан базары)», «Т.Рысқұлов-Көксағыз-Тастыбұлақ (Қызыләскер)-Көксағыз-Т.Рысқұлов», «Көкбұлақ-Балықты-Көкбұлақ», «Т.Рысқұлов-Түлкібас-Сахартрест-Түлкібас-Т.Рысқұлов») анықталып, аталған бағыттарды субсидиялау мақатында облыстық бюджеттен 2,4 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда, аптаның 5 күнінде (сенбі, жексенбі күндерді қоспағанда) 5 бағыт бойынша шағын автобустар үздіксіз қызмет көрсетуде. Қызмет көрсетуші «Т.Рысқұлов автобус паркі» ЖШС. Бүгінгі таңда, автобус паркінің шағын автобустары орта есеппен 2008 жылы шығарылған. Шағын автобустардың көп бөлігі ескірген. 2. Облыс ішілік жалпы 1 бағытта жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын мекеме «Галиев и К» ЖШС «Т.Рысқұлов-Шымкент-Т.Рысқұлов» бағытында қызмет көрсетуде. Ауданда жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау толық қамтылған. 3. Түлкібас ауданында жеңіл көлік такси қызметтерімен жеке кәсіпкер «Нәби», «Аружан», «Ақбиік», «Машат», «Нұрай» тұрақты түрде халыққа қызмет көрсетуде. |
|
5. Жер қойнауы, қатты тұрмыстық қалдықтар және су қорғау аймағы |
||
|
5.1. |
Қатты тұрмыстық қалдықтар |
Ауылдық округ, кент аумақтарында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын 13 полигон орындары бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, Майлыкент ауылдық округі және Састөбе кенті сенімгерлік басқаруға 5 жыл мерзімге берілген. Ал, Түлкібас кенті, Жабағлы, Келтемешат ауылдық округтері сенімгерлік басқаруға құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 2021 жылғы 11 қарашадағы Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының №34-08-10/1642 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының жаңа талаптарына сәйкес, аудан аумағында құрылыс материалдарын тастайтын полигондарын салу бойынша, қолданыстағы заң нормаларына сәйкес нысандардың қаулысы, техникалық құжаттары, мемлекеттік жер актілері мен мемлекеттік қабылдау актілерін Әділет басқармасында тіркелуі және сметалық құжаттама әзірлеуін кент, ауыл округтері аумағында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, құрылыс материалдарын тастайтын орынын дайындап тиісті жұмыс жасау бойынша ауылдық округ, кент әкімдіктеріне аудан әкімінің орынбасары М.Жанесеннің 19.11.2021 жылғы №229-01/03-26/1438 хаты орындауға жолданған бүгінгі күнге дейін тапсырма орындалмауда. Осыған байланысты орындауға ықпал етуді сұрап аудан әкімінің атына 07.12.2021 жылы №229-13/05-14/501 санды хат жолданды |
|
5.2. |
Су қорғау белдеуі мен аймағы бойынша |
Түлкібас ауданы бойынша су қорғау белдеуі мен аймағы бойынша жалпы нысан саны -79. Арал – Сырдария бассейіндік инспекциясы арқылы сотқа өткізілген құжаттар саны - 30. Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясының келісімімен жалпы тізімнен шығарылған нысандар саны – 28. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына есептен шығару үшін жолданған құжаттар саны 11. Нысаналы мақсатын өзгертуге келісім бергендер саны 2. Қалған 8 жер пайдаланушымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. |
|
6. Әлеуметтік сала |
||
|
6.1. |
Еңбек нарығының индикаторы |
2022 жылға жұмыссыздық денгейі 5,2%, ал жастар жұмыссыздық денгейі 3,6 % құрап отыр. |
|
6.2. |
Жұмыспен қамту мәселелері |
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрақты жұмыс орындарына 3003 азамат жолданып, 4-тоқсанға белгіленген жоспар 81% орындалды (жоспар 3699 адам). Оның ішінде, 1192-і ауыл шаруашылық саласына, 4-і құрылыс саласына, 540-ы білім саласына, 51-і басқару саласына, 122-і денсаулық саласына және 1084-і басқа салаларға жолданды. 117-і мүгедек жандар, 989-ы жастар қатарынан, 102-і аз қамтамасыз етілген отбасынан. Оның ішінде, жаңа жұмыс орындарына 41 азамат жұмысқа жолданды. 2022 жылға Тұрақты жұмыспен 1561 азаматты орналастыру жоспарлануда 2022 жылдың 1 сәуіріне 285 азамат жолданды бүгінгі таңда 18% орындалды. Оның ішінде, 13-і ауыл шаруашылық саласына, 105-і білім саласына, 15-і басқару саласына, 31-і денсаулық саласына және 121-і басқа салаларға жолданды. 11-і мүгедек жандар, 114-і жастар қатарынан, 83-і аз қамтамасыз етілген отбасынан. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарына 11 азамат жұмысқа жолданды. |
|
6.3. |
Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері |
Жыл басынан аз қамтылған отбасыларынан өтініш білдірмегендіктен тұрғын үй көмегі көрсетілмеген. |
|
6.4. |
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері |
2022 жылдың 3 айдың қорытындысымен 15 нысан жоспарға қойылып, 4 нысан орындалып «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталы ААЖ-не енгізілген. |
|
6.5. |
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» |
2022 жылы 3 айдың қорытындысымен 55 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп 1 сәуіріне 99 азамат (жоспар 300 азамат ) жұмыс орындарына жолданды , бүгінгі таңда 33 пайызға орындалды. 2022 жылы 3 айдың қорытындысымен Ақылы қоғамдық жұмысқа 1 сәуіріне 115 азамат жолданды жоспар (жоспар 90 азамат) бүгінгі таңда 127 пайызға орындалды. Бұдан бөлек, 2021 жылдың қорытындысымен бағдарламаның 2 бағыты бойынша: Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 78 (жоспар 50 азамат) азаматқа микрокредит беріліп, жоспар 156 пайызға орындалды. 2022 жылы 3 айдың қорытындысымен Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 173 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарлануда. |
|
6.6. |
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» |
2022 жылдың 3 ай қорытындысымен «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» жоспары белгіленбеген.
|
|
7. Білім саласы |
||
|
7.1. |
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру |
2022-2023 оқу жылына мектепке дейінгі ұйымдардағы (балабақшада) мектепалды даярлық топтарында оқитын балаларға қажетті оқу әдістемелік оқулықтар алуға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына сұраныс берілген. |
|
7.2. |
Білім беру ұйымдарын жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз ету |
Жалпы аудан бойынша 4210 компьютер, 354 планшет құрылғысымен қамтылған болса, (2020 жылы – 1364 компьютер болған). Аудандағы 60 мектептің 59-ы интернет желісімен қамтылған, 1 мектепке (Иірсу БМ) интернет желісін жеткізу мүмкін болмай отыр.
|
|
7.3. |
Инклюзивті білім беру |
Республика бойынша инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесін 75%-ға жеткізу межеленген. Ауданда инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі – 53,4% (2021 жылы – 53,3%). |
|
7.4. |
Жасөспірімдер арасындағы суицид |
Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау факті орын алмаған (2021 жылы – 1 аяқталған). |
|
7.5. |
Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
2022 жылы мектеп бітіруші 1369 түлектердің ішінде оқу бағдарламасын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 63,2 пайызды құрайды деп жоспарланып отыр. |
|
8. Мәдениет |
||
|
8.1. |
Мәдениет |
1. Аудан бойынша 27 кітапхана бар, оның 26 кітапханасы компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. 2022 жылдың ІІІ тоқсанында Мақталы ауылдық кітапханасына компьютер алу жоспарлануда. 2. 26 мәдениет үйлері мен клубтардың 11-і музыкалық дыбыс күшейткіш аппаратурасымен қамтамасыз етілмеген. 2022 жылы Керейт, Кемербастау ауылдық мәдениет үйлерін музыкалық дыбыс күшейткіш аппаратурасымен қамтамасыз етуге 4000,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. |
|
8.2. |
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мем. бағдарламасы |
2022 жылы аудан бойынша жалпы тұрғындар саны – 113604 адамды құрады. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 96,05% құрайды. Орыс тілін меңгерген тұрғындар саны – 78443 (69,05%), ағылшын тілін меңгерген тұрғындар саны – 17154 (15,1 %) құрады. |
|
9. |
Дін |
Түлкібас ауданында жұмыс атқарып отырған 49 мешіттің құжаттары толық рәсімделген. 49 мешіттің 49 –да бейнекамера орнатылған. |
|
10 |
Тәртіптік шаралар |
Түлкібас ауданы бойынша 2022 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша 20 мемлекеттік әкімшілік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде аудан әкімі аппаратының қызметкерлері - 0, дербес бөлім басшылары - 1, ауылдық округ, кент әкімдері – 5, өзге мемлекеттік лауазым атқаратындар - 14. |
|
11 |
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы |
Анықтама үшін: Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тарапынан 2022 жылы Жалпы берілген тапсырмалардың саны - 33. Оның ішінде: тұрақты - 17, мерзімі бар - 2, орындалғаны - 14. |
|
12. |
Аудандағы өзекті мәселелер |
1. Ауылшаруашылығы саласындағы өзекті мәселе Түлкібас ауданының егістік жерлеріне ағын суды жеткізу мақсатында Түлкібас өндірістік бөлімшесінің 13 су нысандарына (каналдарға) қайта қалпына келтіру жұмыстарына «Казсушар» РМК-на республикалық бюджеттен 3709,0 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын атқаруға «ВИК» ЖШС жеңімпаз атанып, құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталды, аяқталу мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсаны. Дегенмен құрылыс жұмыстары алғашқы кезде өте баяу басталып, кестеге сәйкес атқарылмады. Ағын су тасымалдау кезеңінде уақытылы ағын су тасмалдау жұмыстары, су нысандарының дайын болмауына байланысты 1-ай кешіктіріліп берілді, оның үстіне жауын-шашын болмай аудан көлемінде дәнді-дақылдар, жоңышқалар алқабы күйіп кетіп шаруашылықтар үлкен шығынға кенелді, осындай жағдай елді-мекеннің үй-іргелік жерлерінде қайталанды. Ашынған ауыл тұрғындары жыл бойына бірнеше рет республикалық, облыстық телеарналардың өкілдерін шақырып, өздерінің наразылықтарын білдіруде. 2021 жылдың маусым айынан бастап аудан көлемінде құрылыс жұмыстары мүлдем тоқтап қалды, бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Н.Алдамжаровқа, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі су ресурстары комитеті, «Казсушар» РМК бас директоры және «Казсушар» РМК Түркістан филиалының директоры М.Керімжановқа бірнеше рет хат жолданған болатын. Алайда осы мерзімге дейін ешқандай өзгерістер жоқ. Жоғарыда аталған жұмыстар ұзаққа созылып, дәл осы жағдай 2022 жылы қайталану қаупі бар. 2. Аудан тұрғындарының кәзіргі таңда жиі көтеретін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Т.Рысқұлов ауылы Бақыбек м.а 5 қабатты 60 пәтерлі 8 тұрғын үй мен 7 елді мекеннің инженерлік инфрақұрылым құрылысына құны 8,6 млрд. теңгені құрайтын 21 жобаның құжаттары тиісті салалық басқармаға ұсынылды (тұрғын үй кезегінде-2538 адам, жердің кезегінде-6578 адам) бүгінгі таңда аталған мөлтек ауданда кәріздік суларды тазалау ғимаратының құрылысы (КОС) жүргізіліп, дайын және инженерлік инфрақұрылым құрылысына (электр желісі -193,8 млн.теңге, су жүйесі-201,2 млн.теңге) 2022 жылы қаржысы қаралған, осыған байланысты тұрғын үй құрылысын салуды қажет етеді. 3. Денсаулық сақтау саласы бойынша 701,7 млн.теңгелік 5 фельдшерлік акушерлік пункттің құрылысының құжаты тиісті салалық басқармаға ұсынылды, аудандық ауруханаға КТ орнату. 4. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2019 жылдан осы уақытқа дейін қаржыландырылуға мүмкіндігі бар, алайда несие алмаған 14 жоба 2760,0 млн.теңгеге қаржылары рәсімделуде. 1. Мал басын көбейту бағыты бойынша 1 бас ІҚМ және жылқы үшін 3 га, ҰҚМ үшін 0,5 га жер телімі талап етілуде. Талап етілген жер телімін ауданның ортақ жайылым жері арқылы және орман шаруашылығы тарапынан берілетін орман билеті арқылы жүзеге асыру; 2. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тұрғын жылжымайтын мүлікті бағалау барысында қолданылатын регламетте ауданның коэффициент көлемінің төмендігі; 3. Кепілге қоятын мүліктің бағаланған құнының 50% төмен көлемін қаржыландыруы; 4. Пайдаланудағы ескі ғимараттарды кепілге алмауы; 5. Бағдарлама негізінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на мал бордақылау бағыты бойынша өтініш қабылдамауы; |
|
13. |
Тұрғындар тарапынан көтеріліп отырған мәселелер |
Ортақ жайылымдық жер мәселелерін шешу бойынша тұрақты жер пайдалану құқығымен елді мекеннің мал жайылымдығына 5610 га. жерлер Тастұмсық, Машат, Рысқұлов, Жабағылы, Майлыкент, Кемербастау, Ақбиік және Арыс ауылдық округтеріне табысталды. |
|
14. |
2020 жылдың қорытындысымен аудан әкімі жергілікті тұрғындар алдында берген есептеріндегі тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлер бойынша |
Аудан бойынша жалпы жергілікті тұрғындардан түскен 49 ұсыныс-пікірдің: Газ мәселесі бойынша 3 - (оның ішінде шешілгені-3), Жарық және электр желілері мәселесі бойынша 9 - (оның ішінде шешілгені-9 ), Ауыз су мәселесі бойынша 6 - (оның ішінде шешілгені - 6), Жолдар мен тротуар бойынша 9 - (оның ішінде шешілгені – 3), Көгалдандыру және абаттандыру бойынша 2 - (оның ішінде шешілгені – 2) Мектеп салу немесе жөндеу бойынша 1 - (оның ішінде шешілгені – 1), МП және ФАП салу бойынша 1 (оның ішінде шешілгені – 0), Каналдар мен ағын сулар бойынша 2 - (оның ішінде шешілгені 1) Тағы басқа мәселелері бойынша 16 (оның ішінде шешілгені 4) ұсыныстар тіркелген. Табиғи газ құбырын тарту. Жаскешу, Майлыкент, а/о Түлкібас кенті (Оналбеков, Сейдалиев, Көктерек,) елді мекендеріне табиғи газ тарту мәселесі туралы. Орындалуы: Газдандырылмаған тұрғын үйлерге сыртқы газ құбырын жүргізуде бюджеттен қаржы қарастырылып «Беймир» ЖШС жұмыстар жүргізіліп, толығымен аяқталды. Елді мекендерді жарықтандыру және электр қуатымен қамтамасыз ету. Аудан аумағында 9 елді мекен бойынша жарықтандыру жұмыстары туралы. Түлкібас кенті Астана көшесін электр қуатымен қамтамасыз ету туралы. Орындалуы: Шақпақ, Жабағылы, Т.Рысқұлов, Абай, Шұқырбұлақ, Жанталап, Тастұмсық, Қызылбастау, Керейт елді мекендерінде көшелерді жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталып пайдалануға берілді. Түлкібас кенті Астана көшесін электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Шақпақ, Жаскешу, Рысқұлов, Састөбе кенті Түлкібас кентімен ауылдық округтердегі елді мекендердің ауыз су жүйесіне жөндеу жұмытарын жүргізу, қосымша ұңғыма (скважина) қазу туралы. Орындалуы: Жаскешу ауылдық округінің ауыз су жүйесінің каптажын жөндеу, Састөбе кентінде ауыз су дебитін көтеру, Ынтымақ елді мекеніндегі ауыз су жүйесі, Түлкібас кентіндегі бастау көзін ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Шақпақ ауылының ауыз су жүйесін қайта құру, Азаттық ауылының ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарына қаржы қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2022 жылға өтпелі. Жолдар мен тротуар бойынша. Елді мекендерде жолдарды орташа жөндеу туралы. Орындалуы: «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Рысқұлов ауылының 18,3 шақырымды құрайтын 8 ішкі көшелерін (Алатау, Маматаев, Егіндік, Рысқұлов, Келешек, Жантуров, Қонаев, Сейфуллин) және Кокжайлау, Жанкент мөлтек аудандарының ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 481,4 млн. теңгеге қаржы қаралып жұмыстар жүргізіліп толығымен аяқталды. Аудандық бюджеттен Шақпақ, Азаттық, Рысқұлов, Машат, Жабағылы, Майлыкент, Тастұмсық, Жаскешу елді мекендеріндегі ұзындығы 14,84 шақырымды құрайтын 10 көшеге орташа жөндеу және 3 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізуге 152,9 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Нысандар пайдалануға берілді. Балықты елді мекеніндегі Ерубаев көшесінің 1,5 шқ құрайтын жолын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау мерзімі қараша 2021 жыл. Бүгінгі таңда, 16,34 шақырым жолдың 14,84 шақырымы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 145,5 млн. теңгесі игерілді. ФАП және МП салу. Машат ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны жөнедеу мәселесі туралы. Орындалуы: Машат ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының ағымдағы жөндеу құрылыс жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды. Жаңа мектеп жайын салу немесе жөндеу. О.Кошевой мектебіне 150 орындық қосымша корпус салу туралы. Орындалуы: Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы мектепте 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы аяқталып, ғимараты пайдалануға берілді. Каналдарды жөндеу және ағын сумен қамтамасыз ету. Аудан бойынша 2 елді мекенде бала құлан каналын жөндеу және Рысқұлов а/о Шұқырбұлақ ауылындағы ағын су каналын механикалық тазалу туралы. Орындалуы: 1. Бала құлан каналын жөндеу және тазалау жұмыстары 2020 жылы басталып 1700 метрі темір бетонмен қапталып жұмыстар жүргізіліп толығымен аяқталды. Шұқырбұлақ ауылындағы ағын су каналын арнайы техникамен механикалық тазалау жұмыстары толығымен аяқталды. |
|
15 |
БАҚ-да немесе әлеуметтік желілерде жарияланған сыни материалдар |
2022 жылдың 3 айдың қорытындысы бойынша БАҚ-да немесе әлеуметтік желілерде жарияланған сыни материалдар шықпаған. |