2021 жылғы Т.Рысқұлов ауылының бас жоспары

Т.Рысқұлов ауылының бас жоспары тiршiлiк етудiң қолайлы ортасын жасау мен аудан орталығының тиянақты дамыту, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғаты және мәдени мұраларды сақтау мақсатында  Т.Рысқұлов ауылының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негiзгi  құжаты болып табылады.   

Бас жоспар инженерлік инфрақұрылымды дамытудың перспективалы және бiрiншi кезектi бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыруға, табиғи кешен аумақтарын сақтауға және өркендетуге, тұрғын жайлар аумақтарын қайта жаңарту мен өндiрiстiк аумақтарды қайта ұйымдастыруға, қоғамдық, iскерлiк және мәдени орталықтарды, туризм және демалыс нысандарын дамытуға, қалалық ортаны кешендi көрiктендiруге және эстетикалық жағынан ұйымдастыруға, қала құрылысы жоспарларын, қаланы жобалау мен салудың жобаларын әзiрлеуге және iске асыруға арналған негiз болып табылады.
      Т.Рысқұлов ауылын дамытудың бас жоспарының басты мақсаты - экологиялық жағынан қолайлы, қауiпсiз және әлеуметтiк жағынан тиiмдi тiршiлiк ортасын жасауға бағытталған қала құрылысы шараларының кешенiн жүргiзу.

Дата публикации
28 декабря 2021