Бақыбек ауылына кәріздік сорғы станциясын орнату

          "ОҚО, Түлкібас ауданы, Бақыбек ауылындағы кәріздік сорғы станциясы және кәріздік суларды тазалау" нысаны бойынша тапсырыс беруші Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Бұдан әрі - Тапсырысшы) мен мердігер мекеме «Жылуэнерго ремонт» ЖШС-і арасында 2019 жылдың 03 қазанында №174 келісім-шарты  түзілген.  

Келісім шарт бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстарға                     95 757 997,28 (тоқсан бес миллион жеті жүз елу жеті мың тоғыз жүз тоқсан жеті) теңге 28 тиын,  2020 жылы атқарылған жұмыстарға 206 849 785,71 (екі жүз алты миллион сегіз жүз қырық тоғыз мың жеті жүз сексен бес) теңге 71 тиын, 2021 жылы атқарылған жұмыстарға  60 695 211,11 (алпыс миллион алты жүз тоқсан бес мың екі жүз он бір) теңге 11 тиын, жалпы сомма 363 302 994,1 (үш жүз алпыс үш миллион үш жүз екі мың тоғыз жүз тоқсан төрт) теңге 10 тиын қаржы жұмсалып,  2021 жылы тамыз айында нысанды пайдалануға қабылдау актісі бойынша қабылданды.

Дата публикации
28 октября 2021