"Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Балықты ауылдық округі, Балықты елді мекені Спатай Батыр, Құрманғазы және Болашақ көшелерінің ауыз су жүйесін қайта құру" нысаны бойынша тапсырыс беруші Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Бұдан әрі - Тапсырысшы) мен мердігер мекеме «Акмешит-Мелиоратор» ЖШС-і арасында 2021 жылдың 06 сәуірінде №27 келісім-шарт жасалып, жалпы соммасы 185 230 000,37 (бір жүз сексен бес миллион екі жүз отыз мың) теңге 37 тиынға түзілген. Ауыз су жүйесін қайта құру нысаны 2021 жылы қараша айында пайдалануға тапсырылады