Азаттық ауылына ауыз су жүйелерін қайта құру

"Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылдық округі, Азаттық елді мекенідегі ауыз су жүйелерін қайта құру" нысаны бойынша тапсырыс беруші Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Бұдан әрі - Тапсырысшы) мен мердігер мекеме «Акмешит-Мелиоратор» ЖШС-і арасында 2021 жылдың 06 сәуірінде №25 келісім-шарт жасалып, жалпы соммасы 399 454 379,86 (үш жүз тоқсан тоғыз миллион төрт жүз елу төрт мың үш жүз жетпіс тоғыз) теңге 86 тиынға түзілген. Құрылыс нысаны өтпелі болғандықтан 2021 жылы атқарылған жұмыстарға 190 324 327,29 (бір жүз тоқсан миллион үш жүз жиырма төрт мың үш жүз жиырма жеті) теңге 29 тиын,  2022 жылы атқарылатын жұмыстарға 209 130 052,57 (екі жүз тоғыз миллион бір жүз отыз мың елу екі) теңге 57 тиын қаралған.

Дата публикации
28 октября 2021