Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде «Нұр-бибі» балабақшасы» (Машат ауылы) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

 

        Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің     2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық  орналастыру және  мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  және қосымша  білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде «Нұр-бибі» балабақшасы» (Машат ауылы) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі бос лауазымына

                                                                    КОНКУРС   ЖАРИЯЛАЙДЫ:

       Конкурс өткізу мерзімі: Конкурстық комиссия осы хабарландыру баспасөз бетінде  жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күні өткен соң  белгілейді.

      Конкурс өткізу орны: Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үй, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімі

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы басшысы лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:

  1) жоғары  (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;    

 2)педагогикалық жұмыс  өтілі бес жыл, оның ішінде  соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда;                               3) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санаты немесе «педагог-сарапшы», «педагог - зерттеуші», «педагог-шебердің» біліктілік  санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес ЖОО оқытушыларын,  әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда);

   4)«Педагог мәртебесі туралы»   Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;  педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, қаржы – шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды;

       Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымының қызметін  нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру бағдарламаларының іске асырылуын  қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің  денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды, жұртшылықпен және  ата – аналармен байланысты жүзеге асырады. Лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне сай  182865 теңгеден  215715 теңгеге дейін.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • қағидадағы 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке тұлғаны куәландыратын құжат(сәйкестендіру үшін);
  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі  құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
  • ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып,алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме ;
  • қолданыстағы біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі(болған жағдайда);

    8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

     9)соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

    10)сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

    11)тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

    12)Біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

    13)Білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

    14)Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

 

            Конкурсқа қатысу үшін 3),4),5),6),7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері  мөрмен растайды.Конкурсқа қатысушы бұдан басқа өзінің кәсіби  жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық  тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты  ұсынады.

            Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс 161300, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі  №175«Д», 1-қабат, Халыққа қызмет көрсету орталығы. Құжаттарды қабылдау осы хабарландыру баспасөз бетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен басталып 7 жұмыс күні мерзімі ішінде жүргізіледі.

          Анықтама телефоны: 87003849386;  87003879193 . Электрондық адресі: roo.tulkubas@mail.ru

                                                                                                                                                        

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 сентября 2021