Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде «Жаңаталап» шағын жинақты жалпы орта мектебі» (Жаңаталап ауылы) және Ш. Мұртаза атындағы шағын жинақты мектеп-гимназиясы (Күмісбастау ауылы) коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің директорлары бос лауазымдарын иеленуге
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Конкурс өткізу мерзімі: Конкурстық комиссия осы хабарландыру баспасөз бетінде жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күні өткен соң белгілейді.
Конкурс өткізу орны: Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үй, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі
Мемлекеттік орта білім беру мекемелері басшыларының лауазымына кандидаттардың Конкурсқа қатысуы үшін мыналар талап етіледі:
1) тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
2) орта білім беру ұйымдары үшін: педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
3) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санаты немесе «педагог-сарапшы», «педагог - зерттеуші», «педагог-шебердің» біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес ЖОО оқытушыларын, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда);
4) «Педагог мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», Қазақстан Республикасының бала құқыктары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Педагог мәртебесі бойынша», "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, қаржы – шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды;
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның Жарғысына және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқару, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастыру, оқу жоспары мен бағдарламаларының жұмыс жоспарын бекіту, жұртшылықпен және ата – аналармен байланысты жүзеге асыру. Лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне сай 182865 теңгеден 215715 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9)соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10)сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11)тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12)Біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13)Білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14)Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін 3),4),5),6),7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.Конкурсқа қатысушы бұдан басқа өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс 161300, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №175«Д», 1-қабат, Халыққа қызмет көрсету орталығы. Құжаттарды қабылдау осы хабарландыру баспасөз бетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен басталып 7 жұмыс күні мерзімі ішінде жүргізіледі.
Анықтама телефоны: 87003849386; 87003879193 . Электрондық адресі: roo.tulkubas@mail.ru