Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге негіздеме: Түлкібас ауданы әкімінің 12.04.2021 жылғы №47 өкімі, Түлкібас аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі басшысының 15.04.2021 ж №2 бұйрығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу объектісі:
«Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижесінде анықталғаны:
ҚР Сауда қызметін реттеу туралы Заңының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормалар:
9-бабының 2-тармағында Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган ішкі сауда субъектілерімен консультациялар өткізгеннен кейін күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы делінген.
Алайда, Түркістан облысы әкімдігінің 16.03.2021 жылғы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті мән белгілеу» туралы бекіткен қаулысы жергілікті атқарушы органдарына құпия құқықтық акт ретінде келген.
Яғни, жалпыға жарияланатын құқықтық актілік құжат бола тұра бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбауы және кәсіпкерлерге таныстырылмауы қиындық туғызуда.
Осыған сәйкес, кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату барысында шекті мәннен бағаны асырған жағдайда оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айыппұл салу үшін облыс әкімдігінің қаулысымен міндетті түрде таныстырылуы керек. Бірақ, облыс әкімдігінің бекіткен қаулысы құпия болғандықтан, жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ. Осы ретте қаулының құпия болуы осы жұмыстың жүргізілуіне қайшы келеді.
Ұсыныс: Облыс әкімдігінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті мән бекіту туралы қаулысын ішкі сауда субъектілерімен консультациялар өткізе отырып, жалпыға жарияланатын құқықтық акт ретінде әділет порталында тіркелуі және бұқаралық ақпарат құралдарында жария болуы.
Ұсыныс: Қаржыландырылатын жобалар мен қолдау алатын кәсіпкерлердің категорияларын және бағдарламаның іске асу ережесін нақтылау.
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын айқындаған кезде олардың нақты орналасу орны, бағытының схемасы, алатын алаңы, бір жылдан кем емес және бес жылдан аспайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілеген қызмет саласы көрсетіледі.
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын бөлу кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады және жергілікті атқарушы органдар оны конкурстық негізде өткізеді. Конкурс, өтінімдер қабылдау шарттарын, бөлінетін орындар санын, орналасқан орнын, бағыттарын, бөлінетін алаңды, орналасу кезеңін жергілікті атқарушы органдар өздерінің ресми сайттарында конкурс өткізгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жариялайды делінген.
Алайда, көшпелі сауда ұғымы ауыл шаруашылық тауарларын өндіруші фермерлерге және жеке тұлғалардың маусымдық тауар өнімдерін өткізуге арналған. Осы ретте, бұйрықта көрсетілген тармақта бір жылдан бес жылға дейін жалға беріледі делінген. Егерде, белгіленген жер телімдері сауда қызметін жүзеге асырушыларға ұзақ мерзімге жалға беріліп қойылса, маусымдық тауар өндірушілерге сауда жүргізетін орын жетіспеушілігі туындайды.
Сонымен қатар, ауданда барлық елді-мекендерде сауда қызметін жүргізетін стационарлық сауда объектілері жеткілікті. Жоғарыдағы қағидаға сәйкес, стационарлық емес сауда орындарын белгілеу, стационарлық сауда объектілерінің сауда жасауына, шынайы бәсекелестіктің болмауына залалын кетліреді.
Ұсыныс: Стационарлық емес сауда объектілерінде сауда жасау уақытын бір апталық мерзімге қысқарту және сауда орнын тек жергілікті тауар өндірушілерге беру.
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы У.Алимбаев