Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №20/2-06 «Түлкібас ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару  және   өзін-өзі   басқару   туралы»  Заңының 7 бабының  5 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына  сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №20/2-06 «Түлкібас ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4310 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. 2. «Түлкібас аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

          1)   осы шешімнің «Қазақстан Республикасының әділет министрлігі» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

                   2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                                 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                С.Сейсенбаев

 

 

 

 

Дата публикации
13 сентября 2021