Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;
|
|
С. Кынтаев |
|
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
|
С. Сейсенбаев |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 29.01.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 6046 болып енгізілді
Результаты согласования
ГУ "аппарат маслихата Тюлькубасского района - Руководитель аппарата Турлыбек Сабитович Бердиев, 27.01.2021 18:37:18, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ "аппарат маслихата Тюлькубасского района - Секретарь районного маслихата Садухас Балтабаевич Сейсенбаев, 27.01.2021 18:37:57, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ "аппарат маслихата Тюлькубасского района - Председатель сессии Сахит Жаксымбетович Кынтаев, 27.01.2021 18:39:06, положительный результат проверки ЭЦП
Департамент юстиции Туркестанской области - Руководитель Мухит Бекетович Тургараев, 28.01.2021 17:45:41, положительный результат проверки ЭЦП
|
"Түлкібас аудандық маслихат аппараты" ММ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 64/6-06 |
|
Түлкібас аудандық |
|
мәслихатының 2020 жылғы |
|
|
21 желтоқсандағы №64/6-06 |
|
|
шешімімен бекітілген |
|
|
|
|
Түлкібас ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидасы
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Түлкібас ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
1) 8 Наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагер әйелдеріне, көп балалы аналарға, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш;
2) 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай-Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 400 айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген және тыл еңбеккерлеріне, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіш;
1) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен жетпіс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жұмысқа қабілетсіз аз қамтамасыз етілген мүгедектерге, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 50 айлық есептік көрсеткіш;
2) өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтарға табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан тұрғын үйіне не оның дансаулығына зиян келтіруіне байланысты өтемақы, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 140 айлық есептік көрсеткіш;
3) ұсынылған тізім бойынша амбулаториялық деңгейде ем қабылдайтын туберкулез ауруына шалдыққан науқастарға, ай сайын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіш және созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан азаматтарға, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш;
4) адамның иммун тапшылығының вирусы жұқтыру немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған адамдардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы және адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына - ай сайын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үйін жөндеуге, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш;
6) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, басылымдарға жазылу үшін, жартыжылдықта бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш;
7) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, табыстарын есепке алмай, біржолғы, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіш;
8) 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға, үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, ай сайын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш;
9) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:
серуендеуге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 70 айлық есептік көрсеткіш;
бөлмеге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 50 айлық есептік көрсеткіш;
10) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін:
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш;
11) зейнеткерлерге және мүгедектерге саноторлық-курорттық емдеуге жолдама алу үшін, жылына бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш;
12) 15 ақпан «Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні» мерекесіне - бұрынғы кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;
13) 26 сәуірге «Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күні» 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электро станциясында апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіш;
14) 29 тамызға «Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс қимыл күні» - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіш.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.
Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күн көріс деңгейіне еселік қатынаста жетпіс пайызынан аспайтын табыстың болуы.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін аудандық мәслихат бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
1) Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері айына отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.
Әлеуметтік көмек ай сайын немесе 3 айға бір рет төленеді. Әлеуметтік көмектің бір жолғы төлемі комиссиямен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үймалын, құсын сатып алуға және т.б.), тұрғын үйін жөндеуге және жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Кент, ауыл, ауылдық, округ әкімі учаскелік комиссияның актісімен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
Осы қағиданың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсетуіне не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық мәслихат белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық – әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 29.01.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 6046 болып енгізілді
Результаты согласования
ГУ "аппарат маслихата Тюлькубасского района - Руководитель аппарата Турлыбек Сабитович Бердиев, 27.01.2021 18:37:18, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ "аппарат маслихата Тюлькубасского района - Секретарь районного маслихата Садухас Балтабаевич Сейсенбаев, 27.01.2021 18:37:57, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ "аппарат маслихата Тюлькубасского района - Председатель сессии Сахит Жаксымбетович Кынтаев, 27.01.2021 18:39:06, положительный результат проверки ЭЦП
Департамент юстиции Туркестанской области - Руководитель Мухит Бекетович Тургараев, 28.01.2021 17:45:41, положительный результат проверки ЭЦП