Ішкі конкурс
«Б» корпусының бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
Е-2 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
Е-2 |
134851 |
182456 |
Түлкібас ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е-2 санаты, 1 бірлік):
Функционалдық міндеттері:. аудан әкімінің нормативтік актілерінің, директивті құжаттардың орындалуын бақылайды. Республикалық рефрендум және Қазақстан Республикасы Парламенті, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары сайлауы өтілуіне үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Өзі жетекшілік ететін салалары бойынша жергілікті бюджеттің, бюджеттен тыс және басқа да қорлардың қаржыларын жинау мен жұмсауға, түсіп жатқан қаржылардың тауарлы материалдық құндылықтардың, негізгі құрал-жабдықтардың толық есебін жүргізуді және олардың қозғалуына байланысты операцияларды уақтылы есепке кіргізуді бақылау жасайды және талдайды. Ауылдық округ және кент әкімдерін, конституциялық бөлімдердің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді. Аудан әкімі аппараты бөлімшелерінің қызметкерлері арасында міндеттерді үйлестіреді. Аудан әкімі аппаратының басшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасы заңдылықтарын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және осы қызметтік нұсқаулықты орындайды. Аудан әкімі аппаратының стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеу, бекіту және орындау барысын бақылайды. аудан әкімінің және аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілердің тіркелуін, жариялануын және мониторинг жүргізілуін қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратында қолданыстағы заңнама талаптарының аясында ішкі тәртіпті бақылайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, техникалық құжаттамалардың талаптарын орындайды. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), өнер, ауылшаруашылық ғылымдары мамандықтары бойынша.
Республикалық комиссиямен бекітілген басым мамандықтары бойынша шет елдердегі жоғары оқу орындары немесе «Назарбаев Қоры» және «Назарбаев Интелектуалды мектептері», «Назарбаев Университетінің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес автономды білім мекемелерінде осы лауазымның функционалдық міндеттеріне тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнде көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үй кабинетте өтеді.
Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс- әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің кандидаттармен әңгімелесуіне және конкурс комиссиясының қорытынды отырысына қатысуға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: https:/gov.egov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.