2021 жылғы 25 шілдеде Түлкібас ауданының ауылдық округтері әкімдерінің төрт сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Түлкібас аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес,  Түлкібас ауданының ауылдық округтер әкімдерін және ауыл әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ақбиік  ауылдық  округі  әкімінің сайлауы бойынша:

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2286 азамат енгізілді, олардың 1245-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 42, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Ергебеков М.Б. – 173;  Ештаев Н. - 590; Орынбаев М.-431;       Оксикбаев Ж. – 5.

 Ақбиік ауылдық округінің әкімі болып  Ештаев Нуриддин Калдыбаевич 1986 жылы туылған, "NURSAULE" ЖШС басшысы, Түлкібас ауданы, Құлан ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясынан ұсынылды.

 

Арыс  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1662 азамат енгізілді, олардың 1021-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дуйсеналиев К.М– 10; Кожабеков Н.М – 326;  Оналбеков А.А – 14; Сатыбалдиев О.П - 650.

 Арыс ауылдық округінің әкімі болып Сатыбалдиев Олжас Пернеханович 1983 жылы туылған, Түркістан облысының Әділет департаментінің бас маманы, Түлкібас ауданы, Керейт ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.               

Тастұмсық  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2363 азамат енгізілді, олардың 2136-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -33.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Сарсембаев К.М– 1955;  Сейдалиева Г.Ж – 69;  Шимиралиев У.А– 72.

   Тастұмсық ауылдық округінің әкімі болып Сарсембаев Кайрат Саликбаевич 1963 жылы туылған, Тастұмсық ауылдық округінің әкімі, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылының тұрғыны, "Nur Otan" партиясы"қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы  Түлкібас  аудандық филиалымен ұсынылды.

Келтемашат  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2392 азамат енгізілді, олардың 2201-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 28, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бердалиев М.К– 1991; Жумадильдаев А.Ж – 21;                 Тулепбергенов Т.А – 154.

 Келтемашат ауылдық округінің әкімі болып Бердалиев Мурат Канатович 1982 жылы туылған, «Кершетас» ӨК төрағасы, Түлкібас ауданы, Кершетас ауылының тұрғыны, өзін- өзі ұсынған. 

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Түлкібас ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

 Түлкібас аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 июля 2021