Қатысқандар: Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, учаскелік комиссияның төрағалары мен хатшылары, Ақбиік, Арыс, Келтемашат және Тастұмсық ауылдық округі әкіміне 14 үміткер және олардың сенімді өкілдері.
Күн тәртібі:
Түлкібас ауданы Ақбиік, Арыс, Келтемашат және Тастұмсық ауылдық округі әкімдерінің сайлауын өткізу барысында кандидаттардың құқықтары мен міндеттері туралы.
Отырысты ашып алғашқы сөз алған Е.Қаратаев (Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы): Ақбиік, Арыс, Келтемашат және Тастұмсық ауылдық округі әкімдерінің сайлауын өткізу 25.07.2021 жылға белгіленген. Осы науқанды өткеру барысында әкімдікке кандидаттардың құқықтары мен міндеттері туралы жайттармен танысып пысықтап алу үшін осы отырыс ұйымдастырылуда дей келе Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Қаратаев, сайлау кезіндегі кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлауға дейін үгіт насихаттар жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері туралы толығымен қамтылған іс-әрекеттері анықтама ретінде назарларына жеткізді.
Келесі болып сөз алған Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Е.Есенбаев өз хабарламасында алдағы өтетін сайлауға күнтізбелік іс-жоспарға сәйкес әрекет жасап, жоспар бойынша жұмыстар атқаратындығын атап өтті.
Үшінші әртүрлі мәселелер бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орындасары Д.Әбішев сұрақ-жауып түрінде өткізіліп, жиналысты аяқтап, қатысқан азаматтарға рахметін айтты