2021 жылғы 1 шілдесіне жергілікті бюджеттің орындалуы туралы
2021 жылғы 1 шілдеге аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жоспары 1571094,0 мың теңгеге жоспарланса, 1662821,1 мың теңге болып 105,8%-ға немесе 91727,1 мың теңгеге артық орындалған.
Жергілікті бюджетте шығыстардың жоспары 10 353 305,0 млн теңге жоспарланса, игерілгені 10 351 681,0 млн теңге, яғни 100 %-ға орындалған.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жаратылған 10 351 681,0 млн теңгенің 1290,5 млн теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған, оның ішінде: әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 1015,9 млн теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына – 274,6 млн теңге жұмсалған.
Қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне – 12,4 млн теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 1352,4 млн теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына – 13,2 млн теңге жұмсалды. Көлік және коммуникация шығындарына – 0 мың теңге, отын-энергетикалық кешенге – 0 мың теңге, ауыл,су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 14,2 млн теңге жұмсалды.