2021 жылғы 1 мамырына жергілікті бюджеттің орындалуы туралы
2021 жылғы 1 мамырына аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жоспары 899424,0 мың теңгеге жоспарланса, 1005636,5 мың теңге болып 111,8%-ға немесе 106212,5 мың теңгеге артық орындалған.
Жергілікті бюджетте шығыстардың жоспары 5 999,4 млн теңге жоспарланса, игерілгені 5 997,7 млн теңге, яғни 100 %-ға орындалған.
Ағымдағы жылдың 1 мамырына жаратылған 5997,7 млн теңгенің 723,9 млн теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған, оның ішінде: әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 571,9 млн теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына – 152,0 млн теңге жұмсалған.
Қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметтеріне – 5,5 млн теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарына – 323,6 млн теңге, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі шығындарына – 13,2 млн теңге жұмсалды. Көлік және коммуникация шығындарына – 0 мың теңге, отын-энергетикалық кешенге – 0 мың теңге, ауыл,су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары шығындарына – 14,2 млн теңге жұмсалды.