Түркістан облысы Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Шешімі № 8

Түркістан облысы Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Шешімі № 8

 

Т.Рысқұлов ауылы                                                                     25 маусым 2021 жыл

 

 

Түлкібас ауданының ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Түлкібас ауданындағы:

         - Ақбиік ауылдық округі

         - Арыс ауылдық округі

                    - Келтемашат ауылдық округі

                     - Тастұмсық ауылдық округі         әкімдерінің сайлауы 2021 жылдың     25 шілдесіне тағайындалсын.

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге белгіленген Түлкібас ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы шешім аудан әкімі аппаратының ресми интернет сайтында және аудандық «Шамшырақ» газетінде жариялансын

 

 

          Түлкібас аудандық аумақтық сайлау

          комиссиясының төрағасы                                            Е.Қаратаев

 

          Түлкібас аудандық аумақтық сайлау

          комиссиясының хатшысы                                            Е.Есенбаев

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2021