Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ № 7
Т.Рысқұлов ауылы 25 маусым 2021 жыл
Түлкібас ауданы ауылдық округтер
әкімдерінің сайлауы бойынша
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Түлкібас ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау үшін төмендегі сайлау округтері құрылсын:
- Ақбиік ауылдық округінің әкімі - Ақбиік ауылдық округінің шекарасындағы Ақбиік сайлау округі;
- Арыс ауылдық округінің әкімі - Арыс ауылдық округінің шекарасындағы Арыс сайлау округі;
- Келтемашат ауылдық округінің әкімі - Келтемашат ауылдық округінің шекарасындағы Келтемашат сайлау округі;
- Тастұмсық ауылдық округінің әкімі - Тастұмсық ауылдық округінің шекарасындағы Тастұмсық сайлау округі;
- Аудан әкімі аппаратының ресми интернет сайтында және аудандық «Шамшырақ» газетінде олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, округтердің тізімі жариялансын.
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Қаратаев
Түлкібас аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы Е.Есенбаев