ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы№50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2021 жылдың маусым-қазан айлары.
Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтарда әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.
Конкурсқа құжаттар 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурс құжаттарын personal_maktaaral@mail.ru эл. поштасына жолдаңыз.
Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 8(72534) 40514, 87754368888 тел. нөміріне хабарласуға болады.