«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №314 «2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5999 тіркелген, 2021 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағындағы «мүгедектер үшін» деген сөздер «мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін» деген сөдермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Байғұт