«Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

   Түлкібас ауданы әкімдігінің

                                                                                  2025 жылғы  5  тамыздағы

                                                                                  №160 қаулысымен  бекітілген

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

 «Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              ЕРЕЖЕСІ

1- тарау. Жалпы ережелер

 

1.  «Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан      әрі – бөлім) мәдениет, тілдер, дене шынықтыру және спорт саясаты саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3. Бөлім  өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 161300, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы,  Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 ғимарат.

10.  Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлімнің  қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен «Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

          

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

      13. Мақсаттары:

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Аудан көлемінде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларын дамыту және ұйымдастыру.

      14. Өкілеттіктері:

1)  құқықтары:

           аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық, спорттық жарыстар өткізеді;

спортшыларға:2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы,1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді,

мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі 2-санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегi 2-санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi 2- санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi 2- санатты әдiскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;

театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;

мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

2) міндеттері: 

жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қол жетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдалануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

спорт түрлері бойынша аудандық, құрама командалар даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аудандық дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

спорттық бұқаралық іс–шаралардың біріңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

дене шынықтыру және спорттық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфроқұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

мадениет саласында Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттік қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану;

мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мекемелеріне басшылық;

мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;

ауданда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларындағы жағдайды зерттеу және талдау жасау;

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі мәселелерді өз билігімен үйлестіру және шешу.

спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзедi;

спорттың әр түрi бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізуді,  аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың  облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;

аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi;

аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері үшін консультациялар мен семинарлар өткізеді және әдістемелік материалдар, ұсынымдар даярлауды ұйымдастырады;
          мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы Түлкібас ауданы әкімдігінің консультативтік-кеңесі органдарының қызметін қамтамасыз етеді;
         Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;

театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 729-бабы 2-1 тармақшасында белгіленген  әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдану бойынша жұмыстар жүргізеді.

Мақсаттар мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырылады.

 

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

      16. Бөлімді  басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

     18. Бөлімнің  бірінші басшысының өкілеттіктері:

        мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы ережеде белгіленген құзіретіне сәйкес бірінші басшы дара басшылық ету принципінде іс-әрекет жасайды және Мемлекеттік органның жұмысындағы мәселелерді жеке шешеді.

Бөлімнің атынан сенім хатсыз әрекет жасайды, барлық ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіреді;

заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде бөлімнің мүлкіне билік етеді;

банктерде есеп-шоттар ашады, бөлімнің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

заңдарға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін және бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын және орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 

      заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

бұйрықтарға қол қояды;
      барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;
      бөлімнің жұмыс регламентін бекітеді;
       сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

заңнамамен, осы ережемен және аудан әкімдігімен жүктелген басқа да қызметтерді атқарады.

Бөлімнің  бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

                                  

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Бөлімнің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) Қазақстан

Дата публикации
01 октября 2026