Түлкібас ауданы әкімдігінің
2026 жылғы « 6 » сәуірдегі
№ 186 қаулысымен бекітілген
“Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) экономикалық және қаржылық саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық–құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Индекс: 161300 Қазақстан Рекспубликасы, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Т. Рысқұлов ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, №201-үй.
10. Осы ереже бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлім өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
стратегиялық, экономикалық және аудандық бюджетті атқару барысында мемлекеттік бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуын ұйымдастыру және мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік орган өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді және мемлекеттік мекеменің қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді;
мемлекеттік органда ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиярлық жауаптылықта болады.
Мiндеттерi:
ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлейді;
ауданның әлеуметтік – экономикалық жағдайын талдайды;
аудан экономикасының жағдайы туралы ақпарат дайындайды;
ауданның даму бағдарламасын әзірлейді;
ауданның бюджеттік комиссиясының жұмыс органы болып табылады;
бюджет түсімдерін болжауды әлеуметтік – экономикалық даму болжамын ескере отырып жасайды;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік
экономикалық даму болжамын мемлекеттік қызметтің қолданылып жүрген заттай нормаларына, стандарттарына сәйкестігін қарайды;
ауданның үш жылдық кезеңге арналған бюджеті туралы жобасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді,
ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы тиісті мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстарына сәйкес ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау, түзету жөнінде ұсыныстарды бюджеттік комиссияның қарауына ұсынады;
аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті Бюджет кодексіне сәйкес тапсырады;
бюджеттің атқарылу принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;
аудандық бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді;
15. Функциялары:
бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
салық төлеушінің тіркеуге алынған жеріндегі салық органының, толық көлемде аудандық бюджетке түсетін салық міндеттемелерін орындау туралы шешіміне келісім береді;
қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу масқатында бюджет қаражатын қаржы жылына бірқалыпты бөледі;
міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасауды, бекітуді, жүргізуді жүзеге асырады;
бюджеттік мониторингтің жүргізілуін жүзеге асырады;
алашақ және берешек қарыздар бойынша есептіліктерді дайындайды;
ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау бойынша шараларды іске асыру жұмыстарын жасайды және оған мониторинг жүргізеді;
коммуналдық меншікті мүліктік жалға беру жөніндегі келісім шартын түзеді, мүліктік жалға берілген объектілерді өлшеуді және жалдау ақысы мөлшерінің есебін шығаруды жүзеге асырады;
мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекетке тиесілі үлесі бар шаруашылық серіктесіктерінің реестірін жүргізеді;
мемлекеттік мүліктің тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізеді;
аудан әкімдігінің коммуналдық меншік және оның мүліктік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мүддесін білдіреді;
«Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 бұйрығында көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға Түлкібас ауданының әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы болып табылады, бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді;
Заңнамаға және аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4)заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік, бухгалтерлік бірінші қол қою құқығы бар құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бөлімінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.