Түлкібас ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурстық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіның 367, 368 баптарына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» №508 бұйығының 26- тармағына сәйкес, аудан  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Түлкібас ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша комиссия құрылсын.
  2. Комиссия құрамын бекіту аудан әкіміне ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Нұрлыбайға жүктелсін.

 

 

 

Дата публикации
16 сентября 2026