Састөбе кенті әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Састөбе кенті әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 28 маусымда Түлкібас ауданы Састөбе кенті әкімінің сайлауы өтті.

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                   2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Түлкібас ауданы Састөбе кенті әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Састөбе кенті әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 4411 азамат енгізілді, олардың 2259 дауыс берді.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Мамыткулов Е.Д– 263;  Мамыш А.Н –217;  Ширинбаев Б.Д – 1751;  «Против всех» – 12.

1988 жылы туылған, Түлкібас ауданы әкімдігінің түрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімінің сектор менгерушісі болып қызмет атқарады, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе кентінің тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Ширинбаев Бауыржан Данебекович  Састөбе кентінің әкімі болып тіркелсін.

 

Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
29 июня 2026