Құрметті желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысының м.а. Ә.Бектұрғановтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысының туризм басқармасында ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 14 мамыр – 26 маусым аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: 8 (72533) 5-95-24 (ішкі 8304), 8 747 231 2209
ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, облыстық туризм басқармасында ағымдағы жылдың 21 сәуір – 04 маусым аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2025 жылдың 26 мамыр күні 10:00-де басқармалар үйі 3-қабат, туризм басқармасының мәжіліс залында өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына шақырамыз.
Байланыс: + 7 778 526 91 55
Эл.почта: uko_turizm@mail.ru
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекіткен кестесіне сәйкес, облыстық туризм басқармасында ағымдағы жылдың 31 наурызынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 31 наурыз – 16 мамыр аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: +7 778 258 58 40
Эл.почта: ddr-uko@mail.ru
ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫ СУБСИДЯИЛАУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы бойынша туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының кәсіпкерлік субъектілерінен өтінім түсуіне байланысты ағымдағы жылдың 7 ақпаны сағат 16.00-де комиссия отырысы ұйымдастырылды.
Аталған комиссия отырысында, кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері қаралып, кейбір мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі
Соңғы уақытта туроператорлардың кінәсы бойынша қазақстандық туристердің шет елдерде ақысы төленген орынсыз немесе кері қайтатын билетсіз қалған жағдайлар жиі орын алатын болды . Осы проблеманы шешу үшін ҚР азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілді, оның әкімшісі «Туристік қамқор» корпоративтік қоры болды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтары, турагенттер, туроператорлар, кеме жалдаушы-туроператор, Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы әкімші және Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін уәкілетті орган арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығы болып табылады.
Әр туроператормен, «Туристік қамқор» қорының қатысушысымен шарт жасалады, осы шартқа сәйкес, күтпеген мән-жайлар туындаған кезде немесе туроператор банкроттыққа ұшыраған жағдайда, қор қазақстандық туристтерді шетелден әкелу міндетін өзіне алады. шарт жасалғаннан кейін операторға берілетін арнайы сертификат шартты бекітеді. Жүйе туроператор үшін - 500 АЕК, кеме-жалдаушы туроператор үшін - 15 000 АЕК көлемінде міндетті банк кепілдігінің болуын міндеттейді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының турист болып табылатын азаматтарын шығару үшін, туроператор немесе кеме жалдаушы туроператор қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасы азаматына өткізген әр туристтік өнімнен 0,5 АЕК құратын аударымдардан құралатын арнайы шот ашылады.
Туроператор туристтерге туркод, белгілі бір сандық нөмір беруге тиіс, ол жүйе әкімшісінің сайтында болады және ол бойынша турист туралы барлық ақпаратты алуға болады, сондай-ақ турист тур және туроператор бойынша ақпаратты ала алады. Туркод арқылы ол турөнім сатылған турлар тізілімінде тұрғанын және ол қормен қорғалғанын тексере алады. Егер ол өзін тізілімде тапса, демек, оның қиын жағдайларда қорғалатынына сеніп, шыға беруіне болады.
Егер компания қорға кірмесе, бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу болып табылады. Осы мақсатта мониторинг және іріктеп тексеру жүргізілітен болады.
Заңнамаға сәйкес,компаниялар туроператорлық қызметке арналған
лицензиясынан айырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылдар:
- турист болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын елдегі (жердегі) аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына авиакөлігі, теміржол көлігі, автокөлік немесе су көлігі арқылы қайтару;
- турист болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағына қайтаруға дейінгі уақытта, оларды қонақ үй немесе басқа да орналастыру орындарына орналастыруды (уақытша тұру) қамтамасыз ету (егер қайтаруды еріксіз күту мерзімі күндізгі уақытта 8 сағаттан көп, ал түнгі уақытта 6 сағаттан көп болса);
- турист болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болған мемлекеттегі болған орынынан Қазақстан Республикасының аумағына қайтару жүзеге асырылатын орынға дейін жеткізу;
- турист болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының тамақтандыруларын ұйымдастыру (егер қайтаруды еріксіз күту мерзімі 4 сағаттан көп болса).
Ежелгі Түркістан жері «Түркі әлемінің бесігі» мәртебесіне ие болуы заңдылық. 2021 жылы Түркістан декларациясын қабылдаған Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесінің бейресми саммиті Түркістанды Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялады. Саммит аясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің көшбасшыларына маңызды үндеу жасады. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Түркі өркениетін жаңғыртуды ең алдымен, Қожа Ахмет Ясауи мен қасиетті Түркістан мұрасын бүкіл әлемге таныстырудан бастауға шақырды.
Ясауидің мұрасы Қазақстаннан тыс жерлерде де белгілі. Адамзаттың шабыт көзі бола отырып, ол рухани ойлар үшін азық беріп қана қоймай, ғалымдардың ұрпағын тәрбиелеудің негізіне айналды. Әлемнің әртүрлі елдерінде сақталған ұлы түркі ойшылы мен оның ізбасарларының еңбектері көптеген Ясауитану ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің тақырыбы болып отыр.
2016 жыл ЮНЕСКО-ның «Қожа Ахмет Ясауи жылы» деп жарияланды.
Қожа Ахмет Ясауи құбылысын танудың материалдық көрінісінің сәулеттік таңғажайыбы – ханакада қабірханасындакөрсетілген, ол Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған және 2003 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген. Осы зәулім ғимараттың және оның айналасындағы кесенелер мен ежелгі Ясы-Түркістанның архитектуралық-археологиялық кешенінің қирандыларының барлық бірегей элементтері ойшылдың ұлылығын және оның түркі әлемі елдері үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін айрықша маңызын көрсетеді.
- 2018 жылы Түркістан облыс орталығы атанып, қаланың екінші тынысы ашылды. Қалада көптеген тарихи, мәдени нысандар бой көтеріп, тек қала тұрғындарына ғана емес, туристеріне де қызмет көрсетіп келеді. Конференцияға мәдениет және тарихи ескерткіштерді сақтау мақсатында 20 мемлекеттен 60-қа жуық сарапшы мен ғалымдар жиналып, олардың пікірлері ортаға салынады. Бүгінгі жиын ескерткіштерді зерттеу саласындағы көптеген кемшіліктерді жоюға және халықаралық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді. Біз үшін әрбір ғалымның, тарихшының пікірі маңызды. Туризм саласын дамытуда бүгінгі жиынның да маңызы зор деп есептеймін. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдардың бастамаларына әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл кездесу нақты ұсыныстарды әзірлеу үшін тиімді платформа болып, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға жаңа серпін береді деп үміттенемін!, - деді Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды.
Ал Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти: - Менің бұл іс-шараға келуіме 3 себеп бар. Алғашқысы Италия Қазақстанмен бірге өсіп, дамығысы келеді. Өйткені Қазақстан өте қарқынды дамып келе жатқан және мәдени мұраны сақтап келе жатқан дамушы мемлекет. Ал екінші себеп, Италия экономикасына туризмнен 93 млрд. еуро пайда түсіп отыр, оның бестен бірі мәдени туризм саласынан. Үшінші себеп «Италияда жасалған» деген түсінік тек әдемі киім үлгілері немесе қымбат көлік емес, бұл креативті өндіріс деуге болады. Италияның ірі компаниялары Түркістанда жұмыс істеуге дайын. Солардың бірі «ARM WIND» компаниясы, - деді.
Сондай-ақ, ашылу салтанатында сөз алған Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев: - Бүгін өздеріңізбен кез келген ұлттың өткені мен бүгіні және болашағы үшін аса маңызды шарада бас қосып отырмыз. Мұндай шараның Түркістан қаласында өтуінің өзі символикалық мәнге ие. Себебі қасиетті шаһар Түркі әлемінің рухани астанасы және түркі халықтары мәдениетінің жүрегі саналады. Туризм Қазақстан экономикасының маңызды саласы. Қазақстанның әрбір аймағы туризм ошағы болып саналады. Түркістан қаласынан бөлек, осы облыста Сауран, Бәйдібек, Түлкібас, Сайрам секілді жерлер де киелі әрі туристік орындар деуге әбден болады, - деп жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, халықаралық конференция аясында бірқатар меморандумға қол қойылды. Атап айтсақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы мен Шығыс Азияның Турин археология мен археологиялық қазбалар орталығы, сонымен қатар Халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Халықаралық ортаазиялық зерттеу институты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығы арасында меморандумға салтанатты түрде қол қою рәсімі өтті. Бұл тараптар арасында өзара ынтымақтастық пен байланысты нығайтуға зор ықпал етеді.
Түркістан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің, халықаралық серіктес ұйымдардың (ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы, МИЦАИ, IRCICA), университеттердің (Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті) және «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығыныңжан-жақты қолдауларымен ұйымдастырған «Ескерткіштерді қорғайтын халық» құнды мұра, қасиетті орындар мен тұрақты туризм бойынша халықаралық конференциясы«Ясауитану» ғылыми бағытының жетістіктері мен даму перспективаларын талқылау және пікір алмасу үшін түрлі бағыттар мен мектептердің ғалымдарына платформа ұсынып қана қоймай, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау саласындағы әдістер, тәсілдер мен шешімдерді талқылауға арналып отыр.
Түркістанның рухани және сәулеттік мұрасы діни және қажылық туризм ағымдарын қалыптастырудың негізі болып табылады. Туристік кластерді және онымен байланысты мұра объектілерін басқарудың күрделілігі туризмнің дамуын жалғастыруға, сонымен бірге тәуекел аймақтарын белгілеуге және олардың әсерін азайтуға мүмкіндік беретін негізгі нормаларды әзірлеу қажеттілігіне әкелді. Осыған байланысты, Халықаралық бастаманың маңызды құрамдас бөлігі «Киелі маңызы бар объектілерде тұрақты туризмді дамыту» Түркістан Декларациясын қабылдау болып табылады.
Аталған іс-шараға 2 мыңнан астам адам қатысты. Гастрофестивальде ас әзірлеуден бөлек, концерт, ойындар, байқаулар мен шеберлік сабақтар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, аспаздық өнер фестиваліне қаланың 25-тен астам үздік мейрамханасы мен дәмханалар қатысып келген қонақтарға ұлттық, жергілікті тағамдар және көше тағамдарын ұсынды.
10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің ашылу рәсімі өтті. Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырды, кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталды. Нысан 20,5 га аумақта орналасқан. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді. Бұл ретте, барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы «қайық шеруі» театрландырылған шоуы өткізіледі. «Керуен-сарай» кешенінің Орталық Азияда баламасы жоқ және ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын басты орталыққа айналуы тиіс.
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру, әрі туристерге тартымды ету - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Ел алдында есеп берген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы салада қолға алынатын жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
https://lenta.inform.kz/ru/turkistan-oblysynda-turizm-kalay-damuda_a3755493