Құрметті желі қолданушылары!
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Дауылбаевтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысының туризм басқармасында ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!
Ішкі талдау жұмыстары 21 сәуір – 4 маусым аралығында жүргізіледі.
Егер де, Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.
Байланыс: 8 (72533) 5-95-28 (ішкі 8304), 8 778 526 91 55
Эл.почта: uko_turizm@mail.ru, gu.ergesh@ontustik.gov.kz