Түркістан облысы бойынша туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия отырысының
№1 ХАТТАМАСЫ
|
Түркістан қаласы |
«26» мамыр 2025 жыл
|
|
|
Комиссия құрамы:
|
|
|
|
Жолдасов Зулфухар Сансызбайұлы |
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы; |
|
|
Медеуов Нұрдаулет Данабайұлы |
Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
|
|
|
Нұрхаликов Жандос Нышанбайұлы |
Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;
|
|
|
Кашанов |
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары;
|
|
|
Абдразакова Нұргүл Пердебайқызы |
Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары;
|
|
|
Шораева |
Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы;
|
|
|
Ыдырыс Әзірет Талғатұлы |
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының салалық даму және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы (келісім бойынша); |
|
|
Омаралиев Исмаил Мұратұлы |
«Turan tour» жеке кәсіпкер» директоры (келісім бойынша);
|
|
|
Халмет Махсад Абубакирулы |
«TURKISTAN SILK WAY HARBOR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қонақ үйінің сату және маркетинг бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша). |
|
|
Комиссия хатшысы:
|
|
|
|
Жұмахан Шыңғысхан Алмасханұлы |
Түркістан облысы туризм басқармасының бас маманы, комиссия хатшысы. |
|
КҮН ТӘРТІБІ:
Туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерге қоса ұсынылған құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрығымен бекітілген «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қағидалардың 4-тармағына сәйкестігін қарау.
КОМИССИЯ ҚАРАДЫ:
Туристік қызмет объектісі туралы мәлімет: Түркістан облысы Төлеби ауданы, Алатау а.о. №010, кварт. №1438 уч. орналасқан «Golden Vein» демалыс орны.
Құрылыстың құны: 97 869 834 тенге.
Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері: 9 786 983 тенге.
Объектінің орналасқан жерінің мекенжайы: Түркістан облысы Төлеби ауданы, Алатау а.о. №010 кварт, №1438 уч. мекен жайында орналасқан.
Туристік қызмет объектісі туралы мәлімет: Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Балықты а.о., Арыс өзенінің бойында, 75 кварт. №3 телімде орналасқан «Айс» қонақ үйі.
Құрылыстың құны: 105, 522 млн. тенге
Шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері:
Объектінің орналасқан жерінің мекенжайы: Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Балықты а.о., 75 кварт. №3 жер телімде орналасқан.
ҚАРАУ НӘТИЖЕСІ:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 22-тармағына сәйкес, ұсынылған құжаттар топтамасында жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында сметалық құны көрсетілген құжат ұсынылмаған.
Сонымен қатар, туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің тіркелген күні 2024 жылғы 30 қазан болып көрсетілген. Ал аталған туристік нысан бойынша жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы 2025 жылғы 17 қаңтарда тіркелгені анықталды.
Бұл ретте, жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерде көзделген мерзімдер арасында сәйкессіздік орын алғаны белгіленді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №415 бұйрығымен бекітілген «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының» 2-тарауы, 3-тармағына сәйкес, шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген орны бойынша жергілікті атқарушы органға (қағаз немесе электрондық түрде) жыл сайын 1 маусымға дейін ұсынылуы қажет.
Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеу үшін Шымкент қаласындағы уәкілетті органға жүгінуі тиіс.
Бұдан бөлек, Қағиданың 17-тармағына сәйкес, өтемақы алу кезінде кәсіпкерлік субъектісі өзіне қабылдайтын қарсы міндеттемелерді толық орындауға міндетті. Алайда, кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген орнын ескере, бұл міндеттемелердің орындалмау қаупі бар екені байқалады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 68-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 22-тармағына сәйкес, ұсынылған құжаттар топтамасында жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында сметалық құны көрсетілген құжат ұсынылмаған.
Аталған Заңның 1-бабында «құрылыс жобасы» ретінде жобалау-сметалық құжаттаманы, оның ішінде көлемдік-жоспарлық, инженерлік, технологиялық, табиғат қорғау және экономикалық шешімдерді, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты дайындау және абаттандыру бойынша сметалық есептеулер қамтылуы тиіс екені айқындалған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №415 бұйрығымен бекітілген «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының» 2-тарауы, 3-тармағына сәйкес, шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген орны бойынша жергілікті атқарушы органға (қағаз немесе электрондық түрде) жыл сайын 1 маусымға дейін ұсынылуы қажет.
Бұл ретте, кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеу үшін Шымкент қаласындағы уәкілетті органға жүгінуі тиіс.
Бұдан бөлек, Қағиданың 17-тармағына сәйкес, өтемақы алу кезінде кәсіпкерлік субъектісі өзіне қабылдайтын қарсы міндеттемелерді толық орындауға міндетті. Алайда, кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген орнын ескере, бұл міндеттемелердің орындалмау қаупі бар екені байқалады.
КОМИССИЯ ШЕШТІ: