«Түркістан облысының туризм басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі АНЫҚТАМА

Түркістан облысының туризм басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобы Түркістан облысы туризм басқармасының  туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы Д.Асанханның 10.03.2023 жылғы қызметтік жазбасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:

Түркістан облысы бойынша туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының (ары қарай – Комиссия) қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Талдамалық анықтама:

Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылдың 25 ақпандағы «Комиссиялар құру туралы» № 14 қаулысына сәйкес Түркістан облысы бойынша туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының (ары қарай – Комиссия) жұмыс органы Түркістан облысының туризм басқармасы болып белгіленген.

Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №415 бұйрығымен бекітілген туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидасымен айқындалған.

Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ жоғарыда аталған Қағидаға  сәйкес атқарады.

Кәсіпкерлік субъектілерінен түскен өтінімдер бойынша 2023 жылдың қаңтар айынан бүгінгі уақытқа дейін Комиссияның 3 отырысы өткізіліп, ағымдағы жылдың 6 ақпанында №2 хаттамасы, 2023 жылдың 23 ақпандағы   №3 хаттамасы, 2023 жылдың 9 наурыздағы №4 хаттамалары түзілген (қосымша тіркеледі).

  Комиссия отырысымен туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған 12 өтінім қаралып, комиссия шешім қабылдаған.

Соның ішінде, 3 өтінім Комиссия тарапынан шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту жөнінде шешім қабылданып, нәтижесінде өтінім беруші кемшіліктерді жою негізінде қайта өтінім тапсырылған.

  Жалпы, Комиссиямен 9 өтінімге шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі шешім қабылданған.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарауда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2021 жылғы 31 желтоқсандағы №415 бұйрығымен бекітілген туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидасымен белгіленген мерзімді бұзу фактілері орын алмаған.

  Алайда, шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдер бойынша келіп түскен құжаттар топтамасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрығымен бекітілген туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидаларының 4-тармағына сәйкес келмеуі фактісі орын алғаны анықталды.

Атап айтқанда, жоғарыда аталған Қағиданың 4-тармағы 4-тармақшасына сәйкес,  Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігінің өтемін алу үшін ұсынатын өтінімге қоса беретін "Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы №16 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19994 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша "Негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп" (индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының көшірмелерінің дұрыс болмауы.

  Дәлірек, жеке тұлғалар тарапынан ұсынылған өтінімдерге қоса берілген құжаттар топтасында  жоғарыда аталған Қағидамен айқындалған негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп орнына ұсынылған есептері сәйкес келмеуі.   

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығымен бекітілген                                                      1 қосымшаға сәйкес аталған есепті қызметкерлер санына қарамастан инвестициялық қызметті іске асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері ұсынады делінген.

  Комиссия қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №415 бұйрығымен бекітілген туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидасымен айқындалған.

Кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігінің өтемін алу үшін туристік қызметтің мәлімделген объектісі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімді қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол тапсырады.  

Құжаттар топтамасын қарау қорытындылары бойынша шешім комиссия отырысы өткізілу арқылы қабылданады.

Кәсіпкерлік субъектілерінен түскен өтінімдер бойынша 2023 жылдың                                            23 ақпандағы №3 хаттамасы, 2023 жылдың 9 наурыздағы наурыздағы №4 хаттамаларына сәйкес 7 өтінім жеке тұлға тарапынан ұсынылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығымен бекітілген                                                   1 қосымшаға сәйкес аталған есепті қызметкерлер санына қарамастан инвестициялық қызметті іске асыратын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері ұсынады делінген.

Яғни, жеке тұлғалар көрсетілген есептерді тапсырмайтындығы белгілі болды.

Тәуекел факторы:

Кәсіпкерлік субъектілері ұсынған шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімнің қолма-қол тапсырылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелі деп тануға болады.

Ұсыныс:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізу.

Қорытынды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде  анықталған                  Кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізіле отырып, талдау барысында көрсетілген ұсыныстар жан-жақты талқыланып, қолданысқа енгізу.

Қолданыстағы заң талаптарының бұзылуын болдырмау мақсатында, Түркістан облысы бойынша туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының  2023 жылдың 23 ақпандағы №3 хаттамасы, 2023 жылдың 9 наурыздағы наурыздағы №4 хаттамаларының шешімдерін қайта қарауды ұйымдастыру.

Дата публикации
15 марта 2023