Жалпы ережелер
1.1. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімі (әрі қарай - бөлім) «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) жеке құрылымдық бөлімі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, облыс әкімдіктің қаулыларын, облыс әкімінің өкімдерін, облыстық маслихатының шешімдерін, Басқарма ережесін, ішкі еңбек тәртібі жөніндегі және осы ережені басшылыққа алады.
1.3..Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың басшысы бекітеді.
1.4. Бөлім құрамына:
- бөлім басшысы;
- бас маманнан (3 бірлік) тұрады.