Шақпақ ауылдық округінде "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" акциясы жалғасын табуда . Әр біріміз ауламыздың, табиғаттың тазалығына үлес қосайық.
Шақпақ ауылдық округ әкімі аппараты
#Таза_Қазақстан
#тазаШақпақ
Шақпақ ауылдық округінде 22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді. Ауыл әкімі С.Козтаевтың құттықтауымен басталған іс-шараға округтің барлық мекемелері қатысып, өздерінің өнерлерімен тәнті етіп, концерттік бағдарламалар көрсетілді. Қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан құнды қазақи нақыштағы дүниелер көрмеге шығарылып, қалың жұртқа көрсетілді. Түрлі спорттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар және қаржылай марапаттар табысталды.
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, 06.03.2024 жылы Шақпақ ауылдық округіндегі мәдениет үйінде салтанатты мереке аталып өтті. Іс шараға аудандық мәслихат депутаты Б.Тулешов, Шақпақ ауылдық округ әкімінің м.у.а Н.Кенжебай және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысып, ауылымыздың дамуына және қоғамдық іс-шараларға белсенді ат салысып жүрген ақ жаулықты аналарымызға аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың және ауыл әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Ауылымыздың белсенді жастары және кәсіпкерлері ақ жаулықты аналарымызды мерекелерімен құттықтап сыйлықтар табыс етті. Мереке концерттік бағдарламаға ұласты.
Шақпақ ауылдық округінде 1-наурыз – Алғыс айту күні мекрекесіне орай ауылдық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекеге ауыл тұрғындары қатысты.