1. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Машат ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және мемлекеттің саясатын округ аумағында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады. 2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ. 3. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 6. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 7. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды. 8. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, индекс 161308, Машат ауылы, М.Әуезов көшесі, №1А. 10. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 11. Осы Ереже «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады. 13. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi 14. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Машат ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету және мемлекеттің саясатын округ аумағында жүзеге асыру. 15. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері: әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ету. 16. Функциялары: «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары: 1) Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауға жәрдемдеседі; 2) Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі; 3) Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді; 4) Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады; 5) Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессиясының жұмысына қатысады; 6) Азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; 7) Өз құзіреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; 8) Ауылдық округтің тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді; 9) Өз құзіреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді; 10) Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; 11) Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; 12) Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі; 13) Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады; 14) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге қатысады; 15) Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицитерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс істеуіне жәрдемдеседі; 16) Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) береді; 17) Ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады; 18) Микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшін табысы төмен адамдарды анықтайды; 19) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізуді қамтамасыз етеді; 20) Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды анықтайды; 21) Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторлардың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды; 22) Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды; 23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді үй-жаймен қамтамасыз етеді; 24) Табысы аз азаматтарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады; 25) Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік –құқықтық көмек көрсетеді; 26) Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады; 27) Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады; 28) Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады; 29) Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады; 30) Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді; 31) Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді; 32) Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі; 33) Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады; 34) Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі; 35) Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады; 36) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды; 37) Басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүлікті жалға (жалдауға) береді; 38) Берілген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды; 39) Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді; 40) Берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады; 41) Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі; 42) Басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді; 43) Берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді; 44) Кіріс көздерін қалыптастырады; 45) Бюджетің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді; 46) Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді; 47) Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді; 48) Мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді; 49) Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады; 50) Тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 51) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады; 52) Елді мекендерде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейінгі және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады; 53) Өз құзіреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 54) Әскери міндеттілерді және әскерге шақырушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге; 55) Аудандардың тиісті жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырушылардың және әскер жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды береді; 56) Әскер жасына дейінгілерге тіркеу жүргізген және азаматтарды әскери қызметке әскерге шақырған кезде басқа жергілікті жерлерден аудандардың әскери басқару органдарына азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті; 57) Жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды; 58) Спорт мекемелеріне қолдау жасайды және олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне жәрдем көрсетеді; 59) Тиісті әкімшілік –аумақтық бірлік аумағында жеке адамдардың тұрғылықты жерінде және олардық көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды; 60) Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жоқ жерлерде өздерінің аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және оларды осы Кодексте көзделген мерзімдерде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың тіркеуші органына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер беру мен тапсыруды жүргізеді; 61) Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 62) Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді; 63) Бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды; 64) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 165, 300, 310 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіру жөніндегі ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын, жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 311, 311-2, 311-3 және 387-баптарында көзделген ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады; 65) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округі әкімінің құзырына жатқызылған басқа да сұрақтарды шешеді. 17. Құқықтары мен міндеттері: Осы ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: 1) Тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша соттарда, мемлекеттік органдар мен қарым-қатынастарда әкімнің «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғауға; 2) Өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды лауазымды тұлғалардан сұратып алуға; 3) Қазакстан Республикасы Президенті, Үкіметі және орталық органдары, облыс, аудан әкімшіліктерінің, әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға; 4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларын ұстануға. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне: 1) Әкім аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 2) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыру; 4) Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсыну жатады; 5) Тиісті аудан әкімінің, құзырлы мемлекеттік органдарды жергілікті жердегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдай туралы, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану саласындағы, құрылыс және басқа да салалардағы қолданыстағы заң нормаларының талаптарының бұзылуы туралы уақытылы хабардар ету; 6) Әр ай сайын ауыз су құбырының жағдайын тиісті аудандық органға хабарлап отыру; 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 18.«Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы (әкім) жүзеге асырады. 19. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Түлкібас ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 20.«Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады. 21.«Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі: 1) «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады; 2) «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді; 4) «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазаларды қолдануды жүзеге асырады; 5) Өз құзіреті шегінде «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді; 6) Өз құзіреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды; 7) Ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді; 8) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді; 9) Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекемені ұсынады; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңге өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. 4. Мемлекеттiк органның мүлкi 23. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады. 24. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады. 25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату 26. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Машат ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.