Төлеби ауданы әкімідігі мәжілісінде 2 мәселе қаралды. Жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес төрағалары, дербес бөлім, мекеме басшылары және қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев 2022 жылы көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысы туралы баяндады. Статистикалық мәліметке сәйкес, ағымдағы жылдың 2 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 4 млрд 762,6 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайызды құраған. Ауданда 2022 жылдың өніміне үй іргелік жерлермен қоса – 65546 га жерді игеру жоспарлануда. Оның ішінде:
1) Күздік бидай – 9845га, егілгені 9845 га;
2) Жаздық бидай - 4957 га, егілгені 204 га;
3) Ноқат -100 га;
4) Арпа - 7305 га, егілгені 557 га;
5) Дәндік жүгері – 5 га;
6) Майлы дақылдар - 10841 га,(оның ішінде мақсары 10796 га, күнбағыс 45 га);
7) Ескі жоңышқа -24569 га;
8) Жаңа жоңышқа - 4720 га, егілгені 96 га;
9) Сүрлем жүгері -50 га;
10) Картоп –1331 га;
11) Көкөніс -1823 га.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге – 2545 тонна жанар май бөлінген. Ауыл шаруашылық техникаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнде аудан бойынша доңғалақты 598 техниканың 576 жарамды, 209 соқаның 198 жарамды, 346 тырманың 325 жарамды, 182 дән сепкіштің 175 жарамды, 18 шынжыр табанды тракторлардың 16 жарамды.
Күн тәртібіне сәйкес аудандағы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы «Төлеби ауданының ветеринариялық қызмет» МКК басшысының міндетін атқарушы Керімжан Онланбаев хабарлады. Баяндамашының хабарлауынша, 2021 жылы Эпизоотиялық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес барлығы 2003844 басқа вакцина салынып 100 пайызға орындалған. 2022 жылы Эпизоотиялық іс-шаралар ауа райының қолайсыздығына байланысты наурыз айына бекітілген жоспар 74 %-ға орындалып барлығы 255 769 басқа вакцина салынды. 2022 жылы 5426 бас ірі қара малдан және 9126 бас уақ малдан қан сынамалары алынып Төлеби аудандық зертханасына өткізілді. Нәтижесінде 59 бас ірі қара мал мен 80 бас уақ малдан бруцеллез ауруына оң нәтиже анықталды. Осы малдардың барлығы Сайрам ауданындағы «ДС и Братя» ЖШС-нің қайта өңдеу шұжық цехына толығымен өткізілді.Ауру анықталған 54 нысан каустикалық сода ерітіндісімен залалсыздандырылды.
Жиында көтерілген мәселелерді талқылау барысында аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған семинар кеңестерге қатысып, тәжірибе алмасудың тиімділігі мол екендігін айтты. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев көктемгі дала жұмыстары жайында пікірін айтып, сұрақтар қойды. Сондай-ақ, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Серік Есенқұлов атқарылған жұмыстар бойынша хабарлама жасап, өз ұсыныстарын жеткізді.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі ауыл шаруашылық саласында озық технологияларды, шетелдік тәжірибені пайдалану қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар салалық бөлімге жергілікті шаруаларға берілетін мемлекеттік қолдауларды уақытында жеткізіп беруді тапсырды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі