Төлеби ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Төлеби ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Төлеби ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып аудан аумағында осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес сайлау учаскелері құрылсын.
  2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Төлеби ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Төлеби ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төлеби ауданының әкімі

 

Т. Телгараев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Төлеби аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 сентября 2024