Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 05 мамырда өткен Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2024 жылғы 10 мамырда Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімін тіркеді - Балтабаев Асабай Бекжигитулы, 1974 жылы туған, «Төлеби ауданының Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Қаратөбе ауылының тұрғыны.

Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 мая 2024