Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Киелітас ауылдық округ әкімінің 2023 жылы атқарылған жұмыстары мен 2024 жылғы алдағы міндеттері туралы кездесуі барысында айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ

№

Азаматтардың

аты-жөні

Қызметі, тұратын жері

 

Өтініштердің мазмұны

Орындалуы туралы мәлімет

Орындау мерзімі

Жауаптылар

1

2

3

4

5

6

 

1

 

Маменов Валихан-Киелітас ауылының биі.

Атамекен көшесін асфальттау

Киелітас елді мекені, Атамекен көшесін орта жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттамасы әзірленіп, аудандық тиісті бөлімге қаржыландыруға ұсыныс берілген. «Ауылым-ел бесігім» бағдарламасы аясында қаржы қарастырылуда, қаржы қаралып қолдау тапса, 2024 жылы  асфальттау жұмыстары басталатын болады.

Қазан айы

2024 жыл

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас маман А.Мауленов

Қожамжар көшесінің бойында орналасқан аялдаманың су жиналатын аумағына тас төсеу арқылы көтеріп беру.

Қожамжар көшесінің бойында орналасқан аялдаманың су жиналатын аумағына наурыз айында тас төселіп тегістеліп берілетін болады.

Сәуір  айы

2024 жыл

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас маман А.Мауленов

«Наурыз» алаңының құжаттарын рәсімдеу туралы

«Наурыз» алаңының құжаттары «Киелітас ауылдық округі әкімі аппараты»  ММ атына толығымен рәсімделіп бітті. Мемлекеттік акт алынды.

Орындал-ған

Бас маман

Н.Орынбасаров

Заманауи балалар ойын алаңшасын орнату.

Заманауи балалар ойын алаңшасын орнату тек  «Үлгілі елді мекен», «Үлгілі көше» және «Үлгілі аула» номинациялары бойынша жеңімпаз болған елді мекен мен көшелерге орнатылатыны түсіндірілді. Сіздер де өз көшелеріңізді санитарлық талаптарын сақтап, таза ұстап, көркейтіп, көкалдандырып отырсаңыздар жоғарыда аталған номинациялар бойынша жеңімпаз болып танылсаңыздар, аудандық бюджеттен қаржы бөлдіруге ықпал жасалатын болады.

Тұрақты

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас маман А.Мауленов

2

Демеуов Семетай- Ауыл имамы.

 

Рамазан айы кезінде көше жарығын таңғы сағат 4-00 ден бастап жағу туралы  ұсынысын білдірді.

«Жарық жол» МКК –на сұраныс хат жолданатын болады және рамазан айы кезінде көше жарығының уақыты тұрғындардың қажеттілігіне байланысты, уақыты өзгертіліп реттелді.

Наурыз айы

2024 жыл

Бас маман А.Мауленов

 

3

 

Бажиев Асан Ақайдар ауылының имамы

 

Бұрын салынған асфальт жолдарының ойылған жерлерін жөндеу.

Бұрын салынған асфальт жолдарының ойылған жерлерін жөндеу үшін «Бірлік» ЖШС сұраныс хат жолданатын болады. Аталған жұмыс ауа райының жылынған уақытында атқарылады.

Қазан айы

2024 жыл

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас маман А.Мауленов

Елді мекен ішінен өтетін канал үстіне жаяу жүргіншілер өтетін өткел көпір салу туралы.

Елді мекен ішінен өтетін канал үстіне жаяу жүргіншілер өтетін өткел салу үшін демеушілер қарастырып солардың көмегімен алдағы уақытта шешу жолдарын қарастырамыз.

Жыл соңына дейін

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас мамандар А.Мауленов

А.Жансейіт

4

Үсенов Ерғали- Ақайдар ауылының биі.

Уақ малдарды тоғыту орнының алыс болуына байланысты ауыл маңынан жақын жерге ауыстырып беру туралы.

Уақ малдарды тоғыту үшін ауыл маңына жақын жерден тұрғындарға зияны келмейтін жерден арнайы жер қарастырылатыны түсіндірілді.

Жыл соңына дейін

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас мамандар Н.Орынбасаров

Ә.Үсіпхан Н.Абдиров (Келісімі бойынша)

5

Кененбаев Есеналы-  Ақайдар ауылының тұрғыны.

Ақайдар ауылына кіре беріс жердегі аллеяны қоршап ретке келтірілсе.

Аллеяны қоршау үшін сметалық құжаттама әзірлеп, биылғы жылы қаржы қарастырылатын болады.

Қараша айы

2024 жыл

Бас мамандар А.Мауленов

Ж.Татбаева

6

Рахишева Айдаркул- Достық ауылының тұрғыны.

Қайтарымсыз грант кімдерге беріледі.   

Көп балалы отбасылар, мүгедек балаға қараушы адамдар, еңбекке жарамды мүгедектігі бар адамдар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, қандастар және басқа облыстан қоныс аударушы отбасылар кіреді. Қысқа мерзімді оқу жіберіледі. Оқу мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат алып бизнес жоспарын жасап конкурсқа қатысады. Конкурс комиссиясының оң қортындысын алған азаматтарға берілетіні түсіндірілді.

Тұрақты

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас маман Ж.Пиязбаев

 

7

Ербекешов Хусан-

Достық ауылының тұрғыны.

Шалқар көшесіне қашан асфальт төселеді?

Достық елді мекені, Шалқар көшесін орта жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттамасы әзірленіп, аудандық тиісті бөлімге қаржыландыруға ұсыныс берілген. Қаржы қаралып, қолдау тапқан жағдайда жөндеу жұмыстары 2024 жылы  асфальттау жұмыстары басталатын болады.

Жыл соңына дейін

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас маман А.Мауленов

8

Алиев Абизар-  Достық ауылының тұрғыны.

Жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан мектеп құрылысына қатынап жатқан жүк көліктері жолды батпақ қылып, тұрғындардың жүруіне қиындық туғызып жатқандығы туралы.

Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекемемен келіссөз жұмыстары жүргізіліп, түсіндірілетін болады.

Наурыз айы

2024 жыл

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас мамандар А.Мауленов

Н.Орынбасаров

9

Гайпназарова Рихсибуви-  Сұлтанрабат ауылының тұрғыны.

Ленгір қаласы ішінде жүріп жатқан қоғамдық көліктің бағытын Жыланбұзған мектебіне дейін өзгерту туралы. 

Ленгір қаласы ішінде жүріп жатқан қоғамдық көліктің бағытын Жыланбұзған мектебіне дейін өзгерту үшін аранайы ұсыныс хат аудандағы жауапты ТҮКШ ЖК және АЖ бөліміне жолданған болатын. Аталған бөлім «Ленгір-Шымкент» бағытында қоғамдық көліктің жүріп жатқандығын алға тартып, қала ішілік қоғамдық көліктің бағытын ауылдық жерге өзгерте алмайтындығын хабарлаған. Одан кейін «Төлеби автобус паркі» ЖШС басшысымен келіссөз жүргізгенімізде жергілікті тұрғындар арасынан жүргізуші табылған жағдайда, бір газель автокөлігін бөлетінін мәлімдеген. Бірақ тұрғындар арасынан жүргізуші табылмағанын айтты.

Тұрақты

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас маман М.Сариев

10

Эльмурат Абдукаримов- Сұлтанрабат елді мекенінің  тұрғыны.

Бұрын салынған асфальттың ойылған жерлерін дұрыстап жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұранды.

Бұрын салынған асфальт жолдарының ойылған жерлерін жөндеу үшін «Бірлік» ЖШС сұраныс хат жолданатын болады. Аталған жұмыс ауа райының жылынған уақытында атқарылады.

Қазан айы

2024 жыл

Әкім орынбасары Н.Садықбеков

Бас маман А.Мауленов

 

Дата публикации
26 марта 2024