21.03.2024 жылы, нөсерлі жаңбыр салдарынан Бірінші Мамыр ауылдық округі арқылы ағып өтетін «ҚазСуШар” РМК теңгеріміндегі “Боз” каналының арнасынан тасыған су облыстық маңызы бар КХ-29 “Сарапхана-Жаңабазар-Бірінші Мамыр” автожолының 48-50 шақырымындағы жол асты су өткеліне сыймай ( алды қоқысқа толып қалған) Тағайна елді мекеніне қарай ағып, егістік алқаптарды шайып кету қауіпін тудырды. Қазіргі таңда, “ҚазСуШар” РМК техникасының күшімен алдын алу шаралары атқарылуда.