Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер Кодексінің» 84-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413 Заңының   6 тарауына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 62-1 бабының 3-тармағы, 1-тармақшасына, аудандық жер комиссиясының 2024 жылғы 31 қаңтардағы №03/46 қорытындысына және жерге орналастыру жобасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Төлеби ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 29.01.2024 жылғы №28 санды хаты негізінде Аққұм ауылдық округі, Момынай, Аққұм елді мекені бағытындағы бас жоспарға сәйкес «тұрғын үй құрылысы үшін» қарастырылған ауылшаруашылығы мақсатындағы осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
  2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін меншік иесіне тең бағамен өтеу тәсілдерін жүргізуді қарастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қамтамасыз ету, басқа да тиісті іс-шараларды жүзеге асыру «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (м.у.а Д.Исабекұлы) тапсырылсын.
  3. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап (үш айдан ерте болмай) бір жыл деп белгіленсін.
  4. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген жер учаскелерінің иелері келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Ленгір қаласы, Әйтеке би көшесі, №28 үй мекен жайында орналасқан «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
  5. «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (м.у.а Д.Исабекұлы) қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуы «Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі» (м.у.а Д.Исабекұлы) мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
  2. Қаулының орындалуын қадағалау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары Л.Серикбаевқа жүктелсін.

 

 Аудан әкімі                                                                           Т.Телғараев

 

                                                              

Аудан әкімдігінің

2024 жылғы «28» ақпандағы 

№136 қаулысына

қосымша

 

 

Төлеби ауданы, Аққұм ауылдық округі аумағында орналасқан мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесі иелерінің тізбесі.

 

№

Аты-жөні

Кадастрлық нөмірі

Жалпы алаңы, га

Алынатын алаңы, га

Нысаналы мақсаты

Меншік түрі

1

Иманбеков Саду Исакулулы

19-298-016-415

8,0

2,079

шаруа қожалығын жүргізу үшін

жалға

2

«Момынай-2030» ЖШС

19-298-016-353

3,10

0,48

тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін

жалға

3

Байболов Тыныбек

19-298-016-253

3,08

1,96

шаруа қожалығын жүргізу үшін

жалға

4

Саурбаев Дауленбай

19-298-016-068

9,7

8,41

шаруа қожалығын жүргізу үшін

жалға

5

Саурбаев Абай

19-298-016-067

10,0

9,80

шаруа қожалығын жүргізу үшін

жалға

6

Сауранбаев Серик

19-298-016-193

8,63

8,63

шаруа қожалығын жүргізу үшін

жалға

7

Бегманов Адилхан

19-298-016-040

0,53

0,53

шаруа қожалығын жүргізу үшін

жалға

 

Барлығы

43,04

31,88

 

Дата публикации
29 февраля 2024