2024 жылғы 11 ақпанда Түркістан облысы Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1266 азамат енгізілген. Дауыс беруге 858 сайлаушы қатысты, оның ішінде сырттай дауыс беру бюллетенін пайдаланғандар саны - 0, үй-жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны - 0.
Жалпы үміткерлердің саны - 2.
Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімін сайлауда келесі қорытындылар анықталды:
Әбдіғаппар Қуаныш Жайылмысұлына 84 дауыс берілді,
Усетаев Омархан Асановичке 693 дауыс берілді,
«Барлығына қарсы» деген белгісі бар бюллетеньдердің саны - 50.
Сайлау қорытындысы бойынша Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі болып
1985 жылы туған, «Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ұйымшыл ауылының тұрғыны Усетаев Омархан Асанович сайланды.
Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы