Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Киелітас ауылдық округ әкімінің 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы» кездесуі барысында айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
|
№ |
Азаматтардың аты-жөні Қызметі, тұратын жері |
Өтініштердің мазмұны |
Орындалуы туралы мәлімет |
Орындау мерзімі |
Жауаптылар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1
|
Маменов Валихан- Киелітас ауылының биі.
|
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің алдын асфальттау туралы. |
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің алдын асфальтап беруді және әжетхана соғып беру жұмыстарын демеушілер қарастырып солардың көмегімен алдағы уақытта шешу жолдарын қарастырамыз.
|
2024 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов |
|
2 |
Демеуов Семетай- Ауылдық мешіттің имамы. |
Қожамжар көшесінің бойындағы, мектеп пен бала-бақшаның аралығына жол кедергісін орнату туралы. |
Жол бойына жол кедергісін орнату үшін аудандағы келісім беретін мекемелерге тиісті ұсыныс хат жолданатын болады.
|
2024 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов |
|
3 |
Қалқабаев Мейіржан- ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы. |
Киелітас елді мекеніне ауыз су құбырының тартылғанын 10 жылдан астам уақыт болды, сол кезде орнатылған бұрандалардың (задвижка) тозығы жетіп, су жіберуде. Осы тозған бұрандаларды ауыстыру туралы.
|
Тозығы жеткен бұрандаларды (задвижка) ауыстыру үшін «Ленгір су» КММ бірлесіп сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сметалық құжаттамасы әзірленіп біткен соң қаржыландырылуға ұсынылатын болады. |
2024 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков |
|
Ұзақ жылдан еңбек еткен ауыл тұрғыны Садықбеков Жанболатты ауыз суға қайта бақылаушы (контролер) етіп жұмысқа қабылдау үшін «Ленгір су» КММ басшысына ұсыныс берілсе.
|
Ауыл тұрғыны Садықбеков Жанболатты ауыз суға қайта бақылаушы етіп жұмысқа қабылдау үшін «Ленгір су» КММ басшысына ұсыныс жолданатын болады. |
Жыл аяғына дейін |
Бас маман А.Мауленов |
||
|
4
|
Усенов Ерғали Ақайдар ауылының биі. |
Ақайдар елді мекенде спорт зал салу үшін жер қарастырып, заңдастырып беру туралы. |
Елді мекенде спорт нысанын салу үшін қолайлы жер қарастырып, табылған жағдайда Киелітас ауылдық округ әкімі аппаратының атына тұрақты пайдалану үшін рәсімделетінін мәлімдеді. |
2024 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман Н.Орынбасаров |
|
Ақайдар ауылына кіре берістегі алеяны қоршауын жөндеу. |
Ақайдар ауылына кіре берістегі алеяны қоршауды демеушілер қарастырып солардың көмегімен алдағы уақытта шешу жолдарын қарастырамыз. |
Жыл аяғына дейін |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов |
||
|
Мерей көшесіне балалар ойын алаңшасын салу туралы.
|
Көшелерге балалар ойын алаңшасын салу «Үлгілі елді мекен», «Үлгілі көше» және «Үлгілі аула»номинациялары бойынша жеңімпаз болған елді мекен мен көшелерге орнатылатыны түсіндірілді. |
2024 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов |
||
|
5 |
Байтиев Өскенбай Ақайдар ауылының тұрғыны. |
Тұмар көшесіне түсірілген тасты жайып, тегістеп беруді сұранды. |
Тұмар көшесіне түсірілген тасты елді мекенде көшелерді орта жөндеуден өткізіп жатқан мердігер мекеме «Достық Спец Транс» ЖШС демеушілігімен тегістеліп берілетін болады. |
Жыл аяғына дейін |
Бас мамандар Н.Орынбасаров А.Мауленов |
|
6
|
Кенембаев Есеналы- Ақайдар ауылының тұрғыны. |
Орталық көшеден Ақайдар жалпы орта мектебінің алдына дейін аяқ жол салу туралы. |
Орталық көшеден Ақайдар жалпы орта мектебінің алдына дейін жол аяқ салу үшін сметалық құжаттама рәсімделіп, аудандағы тиісті бөлімге ұсынылатын болады. |
2024 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов |
|
Ақайдар елді мекеніне кіре берісте орналасқан дәрігерлік емханадан көтерілген жанама жолды асфальттау туралы. |
Ақайдар елді мекеніне кіре берісте орналасқан жанама жолды «Достық Спец Транс» ЖШС демеушілігімен орта жөндеуден өткізіліп берілетін болады. |
Жыл аяғына дейін |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов |
||
|
7 |
Рахишева Айдаркул- Аудандық аналар кеңесінің төрайымы. |
Достық елді мекеніндегі тозған пошта байланыс бөлімшесіне жаңа ғимарат салынып берілсе. |
«Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысына сұраныс хат тапсырылған. Жақын арада бұл мәселе облыста қаралып, Аудандық ПБТ басшысының мәлімдеуінше аудандағы ескірген пошта ғимараттарын жөндеу үшін инвест жобасына енгізілген. |
2024 жыл |
Құрылымдық бөлімше басшысы А.Оспанов Бас маман Н.Орынбасаров |
|
8 |
Ербекешов Хусан- Достық ауылының тұрғыны. |
Шалқар көшесіне қашан асфальт төселеді? |
Достық елді мекені, Шалқар көшесін орта жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттамасы әзірленіп, аудандық тиісті бөлімге қаржыландыруға ұсыныс берілген. Келесі жылы қаржы қаралып, қолдау тапқан жағдайда жөндеу жұмыстары 2024 жылы асфальттау жұмыстары басталатын болады.
|
2024 жыл |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман А.Мауленов |
|
9 |
Хасанов Шухрат- Сұлтанрабат ЖОМ директоры. |
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп алдына орнатылған бағдаршамға жылдамдықты бақылайтын «Сергек» бейне камера орнатуға ықпал ету туралы. |
Бейне камера орнату бойынша аудандық полиция боліміне ұсыныс берілген болатын. Жіберген ұсынысымызға сәйкес Төлеби аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғ.Құрбаналиевтің биылғы жылы «Сергек» бейне камерасы орнатылатыны туралы 2023 жылғы 2 қарашада № 44-13-442-1-8/355 арнайы хаты алынды. |
Жыл аяғына дейін |
Әкім орынбасары Н.Садықбеков Бас маман Е.Сыздықпаев |