ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

         2023 жылғы 13 тамызда Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

 

Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

«Қоғалы» сайлау округі

Қоғалы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлаушылар тізіміне 1 826 азамат енгізілді, олардың 1 000 – ы дауыс берді. "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі – 24, жарамсыз бюллетеньдер саны – 74

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жунисбеков Д.Б. –  412; Сеитов М.М. – 490

 

Қоғалы ауылдық округінің әкімі болып Сеитов Мадияр Молдакасымулы сайланды, 1982 жылы туған, зейнеткер, Шымкент қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

 

 Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
16 августа 2023