ХАБАРЛАМА!!!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңының 27 және 28 баптарына сәйкес, аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарына бұқаралық ақпарат құралдары ұсынған эфир және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер орналастырылады. Эфир және баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс. Сол себепті Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, аудан аумағында орналасқан баспа құралдарынан өз баға ұсыныстарын аумақтық сайлау комиссиясына Ленгір қаласы, Төлеби көшесі 237, «Аудандық мәдениет үйі» мекен жайы бойынша немесе tic_tur_tol@saylau.kz электронды поштасына 2023 жылдың 18 шілдесіне дейін жолдауларын сұраймыз.
Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы