Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 5 шілдедегі
№ 86 ШЕШІМІ
Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 133 бабына сәйкес, Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛАДЫ:
- Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 13 тамызына тағайындалсын.
- 2023 жылғы 13 тамызға тағайындалған шешімнің қосымшасы ретінде Қоғалы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі күнтізбелік іс-жоспары бекітілсін.
- 3. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпараттар кұралындарында және Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.
Комиссия төрағасы О.Сүттібаев
Комиссия
төрағасының орынбасары М.Жайлаубаев