Ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Қадырбековпен бекітілген
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің 2022 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес «Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
КІРІСПЕ
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазанындағы №12 бұйрығына сәйкес, Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіненің 2022 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, әкімдікте ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
Кадрлардың ауысуы бойынша:
Әкімдікте 2022 жылдық штаттық кестеге сәйкес қызметшілердің жалпы штат саны - 8 бірлікті құрайды. Еңбек келісім шартымен жұмыс жасайтындар 9 бірлікті құрайды.
2022 жылдың кезеңінде бекітілген - 8 штаттың -7 орны бар. 1- штат орны ваканция. Ұлттық құрам бойынша барлық - 8 мемлекеттік қызметшілер - қазақ ұлтының өкілдері. Оның ішінде - 6 ер адам, - 1 әйел адам. 2022жылдың шілде –желтоқсан айлары аралығында кадрлар ауысуы бойынша 2. (2 қызметкер басқа жұмысқа ауысуына байланысты 2 жаңадан конкурс арқылы қабылданды.
Бөлімде жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жақындардың бірге жұмыс атқаруы орын алмаған.
Мүдделер қақтығысын реттеу:
Ішкі талдау жүргізу барысында келесі мәселелер кеңінен қамтылмағаны анықталды:
-Өзінің материалдық мүддесін, жақын туыстарының, жекжаттарының немесе өзге де үшінші тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалану мәселесі-орын алмаған.
-Шешім қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету мәселесі- орын алмаған.
-Мемлекеттік (және өзге) функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми таратуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерде пайдалану мәселесі- орын алмаған.
-Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзінің мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларын орындағаны үшін тұлға тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, қызметтер және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдау мәселелері – орын алмаған.
-Заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселесі- орын алмаған.
-Жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың (бағыныстылығы немесе бақылауындағы болған жағдайда) бірлесіп қызмет(жұмыс) жасау мәселесі – тіркелмеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету:
2022 жылдың шілде-желтоқсан айы кезеңі аралығында Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімі аппаратында 179 мемлекеттік қызмет көрсетті.
-Мемлекеттік қызметті көрсету барысында тікелей қызмет берушіге қағаз нысанда жүгіну (тікелей байланыс) мәселесі – электронды түрде құжат айналымы жүргізіледі.
-Өзінің материалдық мүдделерін, жақын туыстарының, жекжаттарының немесе өзге де үшінші тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануы-жоқ
-Қызмет көрсету мерзімдерін бұзу мәселелері –орын алмаған.
-Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту мәселелері - орын алмаған.
-Стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету мәселелері - орын алмаған.
-НҚА-да (ішкі актілерде) көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының тікелей байланыс мүмкіндігін белгілейтін нормалардың болуы -ХҚКО арқылы құжат айналымы жүргізеді.
-Ақпараттық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеу мәселесі - орын алмаған.
Бақылау функцияларын іске асыру:
Бақылау функциясын іске асыру мақсатында Бюджет кодексіне сәйкес Алатау ауылдық округі әкімі аппаратына 2022 жылға бюджеті 67159,0 мың теңге қарастырылған, 001- бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 49920,0 мың теңге, 009 - бағдарламасы бойынша 14414,0 мың теңге, 011-бағдарламасы бойынша 2425,0 мың теңге және 022- бағдарламасы бойынша 400,0 мың теңге көлемінде бекітіліп, заң аясында жұмыстар жүргізілді. Қаржы 2022 жылдың шілде-желтоқсан айында толығымен игерілген.
Мемлекеттік сатып алу арқылы келісім шартқа отырып, Заң аясында жұмыстар жүргізілді. Келісім шарт талаптарын бұзу жағдайлары орын алмаған.
Бюджет саласындағы жұмыстарында, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексі» 2004 жылғы 24 сәуіріндегі №548 Кодексінің талаптары сақталған және де игерілген қаржыларда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілер орын алмаған.
Мемлекетік мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:
2022 жылдың шілде-желтоқсан айы кезеңі аралығында әкімдікке жеке тұлғалардан - 178, заңды тұлғалардан - 1өтініш келіп түскен. Өтініштерге «Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне» сәйкес уақытылы жауап берілді.
Өтініштерді қарау барысында қанағаттанарлық жауап берілгені-179.
Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу фактілері орын алмаған.
Бұқаралық ақпарат құралындағы жариялымдар
Төлеби ауданының «Ленгер жаршысы» апталық тәуелсіз газетіне ауыл әкімнің сенім телефоны және де ауыл әкімінің, ауыл әкімі орынбасары, аппарат мамандары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау күндері 2021 жылғы 3 желтоқсандағы №49 (854) нөмірінде жарияланды.
Прокурорлық қадағалау актілері:
2022 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімі аппаратында түскен прокурорлық қадағалау актілері негізінде:
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының 21.12.2022 жылғы №2-21-22-05609 санды ұсынысына сәйкес «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде арызданушылардың бөтен нөмерлерін енгізу дерегі бойынша анықталған кемшіліктерге сәйкес ауыл әкімінің 29.12.2022 жылғы №100 өкімімен ауыл әкімінің орынбасары А.Қылышбаевқа аталған кемшіліктерге жол бергені үшін ҚР «Мемлекеттік қызмет» туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңының 44-бабы, 3-тармағы 1 тармақшасымен «Ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
Ескертпе: Алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу.
Сот актілері:
2022 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында түскен сот актілері негізінде:
1.Түркістан облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 17 мамырдағы №2а-443 санды қаулысы негізінде Алатау ауылдық округі әкімінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы №10 шешімінің күші жойылды.
2.Түркістан облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 13 мамырдағы №2а-442 санды қаулысы негізінде Алатау ауылдық округі әкімінің 2005 жылғы 03 мамырдағы №36 шешімінің күші жойылды.
Аудиторлық қорытынды және мемлекеттік аудит жүргізу нәтижелері бойынша
«Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі тарапынан Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлау және атқару тиімділігін анықтау мақсатында Төлеби ауданының Алатау ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне 01.04.2021 жыл -31.08.2022 жыл аралығында бюджет қаржыларының жұмсалуына талдау жүргізілді.Мемлекеттік аудит барысында талдау қорытындысымен анықталған іс-сапар шығындары бойынша артық жұмсалған 17,5 мың теңге Төлеби аудандық почта байланыс торабы АО «KAZPOST» қызметі 16.11.2022 жылы №2211164986300 түбіртегімен бюджетке өндірілген. Және негізгі қорлар (активтер) мекемесінің теңгеріміне уақтылы кіріске алынбаған 10244,6 мың теңге аудит жүргізу барысында қалпына келтірілді.
Ауыл әкімінің 24.11.2022 жылғы №88 өкімімен бас маман есепші Л.Туктибаеваға аталған кемшіліктерге жол бергені үшін ҚР «Мемлекеттік қызмет» туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңының 44-бабы, 3-тармағы 1 тармақшасымен «Ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
Ескертпе: Алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу.
Қорытынды ұсыныс:
Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;
Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде бақылау - қадағалау функцияларын іске асыру бойынша:
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер: ҚР «Еңбек Кодекс», ҚР «Кәсіпкерлік Кодекс», ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс», ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», ҚР «Нормативті құқықтық актілер туралы», ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі», ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдары.
Аудан әкімінің сайтында және Facebook парақшаларында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар жариялау.
Көрсетілген мерзімде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тіркелмеген.
ҚР заңнамаларына енгізілген өзгерістер туралы әкімдік қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізу.
Әкімдіктің сенім телефоны 32-74 және арыз-шағымдар жәшігі орнатылған.
Алатау ауылдық округі әкімі М.Курбаналиев
Ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Қылышбаев
Алатау ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы А.Куздеубаев