Азаматтық бюджет 2022 жыл, Төлеби ауданы

2021-2025 жылдарға арналған АУДАНДЫҚ бюджеттің негізгі параметрлері бойынша қысқаша ақпарат

— Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады (ҚР Бюджет кодексінің 6-бабы).

— Аудан  бюджеті  өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

—Аудандық бюджет аудандық мәслихат шешімімен бекітіледі.

—«2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджет туралы» Төлеби аудандық мәслихаттың шешімі 2021-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы негізінде қалыптастырылып, 2021 жылдың 17 наурыздағы №3/12-VI І шешіммен бекітілді.

Дата публикации
03 марта 2022