|
Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігі |
Акимат Толебийского района Туркестанской области
|
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ 06 мамыр 2019 жыл №297
Ленгір қаласы город Ленгер
«Сайлау өткізу кезеңінде
кандидаттардың үгіттік
баспа материалдарын
орналастыратын орындарды
және сайлаушылармен кездесу
өткізу үшін үй-жайларды
белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына сәйкес Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулы Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Б.Омарбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Төлеби аудандық сайлау
комиссияның төрағасы О.Суттибаев
«____» __________2019 жыл
|
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 08.05.2019 жылы №5040 тіркелген
|
Төлеби ауданы
әкімдігінің 2019 жылғы
«____» ____________
№____ қаулысына № 1 қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі
Ленгір қаласы
«Төлеби аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ММ) аумағы (Ленгір қаласы, Төлеби көшесі).
Бірінші Мамыр ауылдық округі
«Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі» аумағы (Бірінші Мамыр ауылы, Д.Үмбеталиев көшесі).
Алатау ауылдық округі
«Күншуақ» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аумағы (Алатау ауылы, Б. Момышұлы көшесі).
Аққұм ауылдық округі
Момынай ауылы, Ақтас көшесі бойындағы алаңша.
Қоғалы ауылдық округі
Диханкөл ауылдық клубының аумағы (Диханкөл ауылы, Бәйтерек көшесі).
Қаратөбе ауылдық округі
Қаратөбе ауылдық клубының аумағы (Қаратөбе ауылы, С. Абдулла көшесі).
Жоғарғы Ақсу ауылдық округі
«Мәдени орта мектебі» ММ аумағы (Мәдени ауылы, Бәйшешек көшесі).
Кемеқалған ауылдық округі
«Төлеби аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Абай ауылдық дәрігерлік амбулаториясының» аумағы (Абай ауылы, Кемеқалған көшесі).
Көксәйек ауылдық округі
«М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектебі» ММ аумағы (Көксәйек ауылы, Төлеби көшесі).
Зертас ауылдық округі
«Аяулым» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аумағы (Зертас ауылы, Еламан – Сауран көшесі).
Тасарық ауылдық округі
«Жеңіс» саябағының аумағы (Тасарық ауылы, М. Әуезов көшесі).
Қасқасу ауылдық округі
«Арай» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аумағы (Қасқасу ауылы, Қуандық көшесі).
Киелітас ауылдық округі
«Рауан» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аумағы (Достық ауылы, Астана көшесі).
Төлеби ауданы
әкімдігінің 2019 жылғы
«____» ____________
№____ қаулысына №2 қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй – жайлар
тізімі